Потаниннің айтқан сөзі...

«Қозы-Көрпеш-Баян-Сұлу» жыры-жер жүзіндегі қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма» -деп айтқан зерттеуші

Қазақ ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін жинаса да, Потанин олар жайында арнаулы ғылыми-зерттеу еңбек жазбаған. Бірақ та ол өзінің басқа еңбектерінде қазақтың ауыз әдебиетін аса жоғары бағалайды. Ең алдымен ол қазақ халқының ауыз әдебиетке байлығын сөз етеді, онынв көркемдік дәрежесі басқа халықтардың шығармасыңан кем соқпайтындыгын көрсетеді. Мәселен, “Европа халықтарының орта ғасыр эпосындағы шығыстық мотивтер” деген күрделі еңбегінде қазақ ауыз әдебиетінен бірнеше мысалдар келтіреді де, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырына айрықша тоқтайды. Ол бұл жырды “Жер жүзіндегі асыл мұралардың бірі” деп қарайды.