«Әдебиет тарихы» атты еңбектің авторы?

Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезовтің әдебиет зерттеу еңбегі. Әуезов шығармашылық өмірінің апғашқы кезеңінен бастап көркем шығармалар жазумен қатар, әдеби сын, зерттеу еңбектер тудырған. Оның ең алғаш баспа бетінде жарияланған еңбектері әдеби-публицистикалық сын мақалалар еді. Жазушы 1928 ж. «Өз жайымнан мағлұмат» атты Өмірбаянында: «Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет бетінде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды» деп жазған еді. Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бірі болып, әдебиет тарихына байланысты зерттеу мақалапар, оқулық еңбектер жазып, тыңнан жол салды, мол ғылыми мұра қалдырды. 1918 ж. «Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар» атты мақалалардан бастап, 20-жылдары «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі», «Қызыл сүңқарлар» (1922-23), «Алтынсарыұлы Ыбырай» (1923), «Халық әдебиеті туралы» (1924), «Қобыланды батыр» (1925), «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» (1926), т. б. мақалалар мен «Әдебиет тарихы» (1927) атты көлемді зерттеу кітабын жариялады. Жазушы осы кезеңнен бастап Өмірінің соңына дейін қазақ ауыз әдебиеті мен жазбаша әдебиетінің тарихы, оның басты екілдері мен негізгі туындылары турапы зерттеу еңбектер жазған. Әуезов әуел бастан әдебиет тарихын халықтың жалпы азаматтық тарихымен тығыз бірлікте қарастыру қажет деп білді. Ол қазақ фольклористикасында ауызша әдебиеттің түрлерін:

1) сыршылдық салт елеңдері;
2) әңгімелі өлендер (батырлар әңгімесі, ел поэмалары, тарихи елеңдер;
3) айтыс-тақпақ;
4) ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ
деп топтастырады.