"Әке" деген дұрыспа? әлде, жоқпа.

Біз көбінесе әкемізді "папа" деп айтамыз. Ал мен (және бірнеше туысқандарым) "әке" деп айтамын,Сіз әкеңізді "папа" дейсіз бе? әлде, "әке" дейсіз бе? (Әлде арланасыз ба?) Неліктен?

Менің нағашыларымның балдары.. ата -анасын "әкешім", "анашым" деп айтады. Балабақша осылай үйреткен.Содан осылай қалыптасып кеткен ғой.
мен тате деп аитамин,папа,әке деп үйренуге канша окталдим,бирак уирене алмадим
"Көке" деймін. Өзім қалағам солай. Маған жақыны сол. "Көкееееееу" деп еркелеймін.
"Көке" деймін. Өзім қалағам солай. Маған жақыны сол. "Көкееееееу" деп еркелеймін.

"Көке" деген әдемі естіледі,
папа-мама деп өстік қой ендігі балдар әке-апа деп өскені жақсы, ал өзіңнен үлкен қызды әпке, негізі осылай Қазақтардың жақыны атауы, ал орысқа еліктейтіндер Әкешка Апашка Татешка дейтіндер санасы улангандар, орысқа барынша еліктеп орыстанудан шыға алмай қалғандар
Ата-ана және балаға қатысты нақыл сөзіміз "папа- асқар тау, мама- қайнар бұлақ, дети- жағасындағы құрақ" емес қой, айналайындар-ау! Дәл бүгінгі күні әкеңді әке, анаңды ана дегеннің еш сөкеттігі жоқ. Керісінше бауыр етің- балаң сені "әке" немесе "көкелеп" шақырса, анағұрлым жаныңа жақын, құлағыңа жылы да жағымды естілмей ме? Құлағымызға сіңісті "ана тілі", "ана сүті", "ана әлдиі" тіркестеріндегі "ананың" орнын енді "мама" сөзімен алмастырып көріңізші.
Папа-апа деймін.Кезінде үйде әжем-мама болған. Тек студент болғаннан соң ғана Апа деуді қойып Мамаға көшкем. Ал Әке-Ана деп кішкентай кезіннен бастап үйреткен жөн деп ойлаймын.
Бала кезден бері "папа" деп жүрген соң ба, қазір "әке" десем бір түрлі
Біз көбінесе әкемізді "папа" деп айтамыз. Ал мен (және бірнеше туысқандарым) "әке" деп айтамын,Сіз әкеңізді "папа" дейсіз бе? әлде, "әке" дейсіз бе? (Әлде арланасыз ба?) Неліктен?

Папа деймін. Әке ана деп атасам ол кісілерді өзіме мүлдем бөтен жандарға тіл қатып тұрғандай болам!