Кіндік әкеге сағыныш немесе Өзекті өртеген өкініш

[size=150:zsubngjt][size=150]Қазіргі уақытта мен бір нәрсеге өкінемін.Ол менің кіндік әкеме бір ауыз сөз "әке " деп айта алмауым.Мен тым кеш қалдым. Ол уақыт қайта оралмайды. ӘТТЕҢ...........
Шіркін!!! Уақытты кері қайтаруға болса ғо?! "Кіндік әкем қандай болды?" деген сұрақ қоямын өзіме. Менің ойымша ол кісі ақкоңіл, аңғал, балажан. Мен ол кісіні елестете алмаймын. Есімде жоқ. Себебі мен ол кісіден қашып жүретінмін. Үнемі ішіп келетін.. Бір оқиға есімде .Ол кезде мен кішкентай едім. Кіндік әкем ішіп келген ал мен қорқып тығылып қалдым. Ол кісі мені іздеп жүр . Мен бәрін көріп тұрдым. Сосын кетіп қалғасын шықтым . Ол кісіден айырылып қалатынымды қайдан білейін? Әйтпесе.......
Мен кіндік әкеме әке деп айттым ба екен?! Мүмкін айттым, айтпадым. Білмеймін . Өкінемін . Өкініштен өзегім өртенеді......
Әлі есімде Мен ол кезде 4 оқитын болуым керек. Апам сыныптастарымен маевкаға шығатын болды да еке.уміз дүкенге кеткенбіз Келе жатқанда ағам( екі қыздың ортасындағы жалғыз ұл ) шықты да: ", Естідіңдерме сенің әкең кіндік әкең қайтыс болыпты. Бақыт ақа ( көршіміз) айтты" ,- деді Сол кезде жанарыма жас толды. Бірақ жыламадым. Себебі мен әлі бала деп есептейтін. Ішімнен жүрегіммен жыладым. Ол жасты ешкім көрмеді. Жүрегім жылады. Ол кісіден айырылып қалғаннан кейін кіндік шешем келіп жүрді . Киім түрлі тәттілер әкелетін . Бірде өзінің фотосын көрсетіп шашыңды ұзын етіп өсір деді .Аманатын орындауға тырысып жүрдім......... Кіндік шешемді көргім келед.і Мені таниды ма екен. Арада 5 жыл өткенде кіндік әкемнің басына бардым Тіпті қай жерде жерленгенін білмеппін...... Әттең өмір ай......
Бағындым Алланың қалауына,
Өкініштен күндер өтіп барады да,
Өмірім мұңаюдан құралса да,
Бақытты күтемін мен өмір алда.
Кіндік әке дегенді айта алмадым ,
Осы сөзді іштей мен қайталадым.
Жүрегім өкініштен мұңға толды ,
Өкінгеніме енді міне 5жыл болды.
Ол жылдар көз алдымда сағым болды.....
Өмірде тірі болсаң егерде сен,
Мені көріп кіндік әке мақтанар мең?
Кеттің сен өмірдің айтқанымен,
Кешіктім мен оралмайтын өткен күннен ......
Қызықтым әр баланың айтқанына,
Кіндік әкем келді деп мақтанғанда.
Сыртым күліп ішім жылап жұрмін мен,
Өзіңнен қапыда айырылып қалғаны ма.........[/size:zsubngjt][/size]

Құрметті оқырман қауым сіздерге өтініш. Өз ойларыңызды білдірсеңіздер екен? Бұл менің күнделігімдегі алғашқы жазбаларымның бірі еді.
Кіндік шешең тірі ме?
Форум мен блогты шатастырып алғансыз шамасы...Жеке жазба қылып жазуыңыз керек еді
Форум мен блогты шатастырып алғансыз шамасы...Жеке жазба қылып жазуыңыз керек еді
расында да
Құрметті оқырман қауым сіздерге өтініш. Өз ойларыңызды білдірсеңіздер екен? Бұл менің күнделігімдегі алғашқы жазбаларымның бірі еді.


Кіндік әкең күндердің күні өзін біреудің іздейтінін білген. Және сен болатынынды біліп жүрген. Өкінбей-ақ қойыңыз, балажан кісі болса жан-жүрегімен бәрін ұғып кеткен. Ондай жандар адам санасын, оның ішінде бала болмысын қапысыз танитын жандар. Өмірге өкініш білдіруге болмайды. Ендігі кезекте сол кісі үшін жақсы өмір сүруге тырысыңыз
Көп мұңая бермеңіз енді...