ҚЫН VS ЖАЗУШЫ (КІМ?)

Сен менің сындырмашы сағымды тек
Жүргенде жылауменен жаным жүдеп,
Әрбір алған хатымнан түсінерсің,
Бұрымдысын бір бейбақ сағынды деп...

Іздеуменен тұл көңіл сұрап көптен,
Сол сезімді сағынды жырақ кеткен,
Көрмегелі көбейген күндер келіп,
Мені өзіңе жеткізбес құрапты өткел...

Ойнақтаған елікті қалың орман,
Бұл күнде бұрынғының бәрі де арман,
Өзің ғана сүйетін ақын бүгін,
Жалғыздықтан жазушы болып алған...

Ал сіз қалай ойлайсыз, жазушы ақын бола ала ма?
Екінші сұрақ, ақын жазушы бола ала ма?
(Әбіш Кекілбаевтың кезінде жазған екі томдық өлеңдері барын ұмытпайық)

Бұл сұраққа қатысты қандай деректер білесіз?

Келіңдер, ой бөлісейік, ДОСТАРЫМ!
Ғабиден Мұстафин :) - Ең бірінші ойға оралып тұрғаны...
Меніңше, бола алмайды. Текке терлеп уақытын өткізеді. Әрқайсысының өз жолы бар.
көбіне ақындықтан жазушылыққа барып жатады. Егер керісінше болып жатса, жазушылықтан ақындыққа барып жатса, онда ол адамның мықтылығы
С. Мұқанов поэзия да, проза да жазды ғой... Дегенмен біреуін ғана алып журген сияқты. Еки кеменің басын ұстаған суға кетеді деген бар...
С. Мұқанов поэзия да, проза да жазды ғой... Дегенмен біреуін ғана алып журген сияқты. Еки кеменің басын ұстаған суға кетеді деген бар...


осы сөздің жаны бар. Бірақ, адамның қолынан бәрі келеді. Тек қаласа болғаны
Екеуі де жақсы жазса қанекей?