Қыздың жүрегіндегі адал сезімді байлап жатқан не дүние?

сезіміңді білдіру неге қиын?өз сезімін жігіт айтып жатқанда ,қыз үшін жауапқа сезімін айтуына не кедергі жасайды ? Мұндай сезім тәкәппарлық па бұл қасиетті жою үшін не істеу қажет?

Тәкаппарлықтан көрі ұялшақтық немесе әдептілік деген дұрыс сияқты
мұсылман қыздарының жаратылысы сондай сияқты, әйтпесе алыс шет елдерде мұндай ұғым жоқ қой
шет елдердің қылықтарына біздің қазақтың қыздары еліктемесе екен деймін.Өзіміздің қазақы қанымызбен берілген қасиеттен айрылмай, жеңілтікке жол бермейікші!Байқап қарасақ ,ерте кезде қазақтың қыздары тәтті қылықтарымен, өрілген бұрымдарымен, сылдырлаған беліндегі шолпысының даусымен-ақ өзіне еліктіре білген емес пе? Мейлі, қазір ол заман болмаса да шолпы тақпасақ та жүректегі нәзіктігімізді,қазақтың қыздарына сай қасиеттерімізді сақтай білейікші.Қанша заман өзгерсе де адам өзгермесе екен.Бірақ , сол заманның өзін адам өзгертпейді ме ?
таккапарлык дегенге келiспеймiн. Уяндык,адептiлiк деген дурыс. Казiр бiзде "ХХI гасырда омiр суремiз,барiде мумкiн,болады,оз сезiмiндi жасырма,ашык айт"деген пiкiр калыптаскан. Булда дурыс шыгар,бiр жагынан. Екiншi жагынан алганда,кыз бала кашанда биязы,уян,наздыгымен,кылыгымен козге тускен. Ар кыздын ерекшелiгi бар,ар кыз оздiгiнен адемi. Жiгiтке озi барып сезiмiн бiлдiру,ай кайдам,барi барлык кезде ойдагыдай бола бермейдi,сондыктан мундай кылык кыз балага жараспас. Егер,жiгiт сезiмiн бiлдiрсе,унатпайтын жiгiт болса дорекiлiк танытпай,ал егер унататын жiгiт болса сабырлык танытып,ойланып жауап берген дурыс. Кайткендеде,кыз баланын жолы кашанда жiнiшке саналады,арi кызга кырык уйден тиым деген соз бар. Конiл кытыктар кылыгымызды жогалтпаганда дурыс.
Жігіт бірінші қадам жасаса болды ғой, ал өзің бастап сөз айтсаң, міне, нағыз ұят қылық... Жігіт бірінші қадам жасау керек деген еш жерде жазылмаған заң бар ғой :roll:
Егер оның тарапынан сондай сезім болатын жағдайда ғана жасау керек деп ойлаймын.
қыз бала батылдығын танытып сөз салуына болады жақсы көрсең өлесің ба айту керек
"Ақмерей" қыз бала батылдығын танытып сөз салуына болады жақсы көрсең өлесің ба айту керек

сақта Құдай, "қалжыңдап тұрмын" деген смайылды қоюды ұмытқансыз-ау дим...
Қыз баласының сезімтал келетініне қайран қаламын... Негізі Шығыс елдеріне тән ибамызбен бұл мүмкіндікті жігіттерге тарту еткеніміз жөн сияқты... Бұл тәкаппарлық емес, тәрбие мен ар-ұят мәселесі деп білетін едім... Ал егер жігіттің өзіңізде көңілі бар, бірақ айтуға қысылып-қымтырылып жүргенін білсеңіз, бірінші болып айтуыңызға болады... Өйткені бұл екеуіңіз үшін де жасалатын әрекет...