Театр актерлері

Театр актерлері жайлы әңгімелессек. Кім ұнайды? Және қазір көбі киноға да түсіп жүр. Меніңше кейбірі кинода тым жасанды болып кететін сияқты. :|

Маған Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжан, Айгүл Иманбаева ұнайды.
сосын Әсет деген актер ұнайды. Тегін ұмытып тұрмын

Иманғалиев. Иә, ол да керемет ойнайды! менің папама ұқсайды десен да)
Маған Бекжан Тұрыс ұнайды. "Тендірге түскен келіншекті" ойнағанды тіпті жылап жібергенмін

осы жері өтірік болып кеткен жоқ па?
Мұхтар Әуезов атындағы театрда Алмас Шаяхметов пен Ермек Бектасовты ерекше ұнатамын...
Маған ұнамайтыны театрда белгілі бір актерді таңдап алады да, артынша соны жарысқа да, шабысқа да жібереді...Мықты деген қойылымдарда солар жүреді... Дәл солар секілді талантты жастар көлеңкеде қалып қояды...
Еркебұлан Дайыров жақсы өнер көрсетіп жүр соңғы кезде. Бұрын байқамайды екенмін, Ерлан Біләлдың рөлдері екінің бірінің қолынан келмейді.
Шалдардың ойнағаны ұнайды, жастардан әлі жасандылық шығып тұратын сияқты.