Протеиндер
Протеиндер... Біреулердің айтуынша бұл адам ағзасына қажет элементтердің бірі, енді біреулер протеиндер тек бұлшық-ет өсіруге ғана арналған деп біледі. Сіздің ойыңыз қалай?
Протеиндер... Біреулердің айтуынша бұл адам ағзасына қажет элементтердің бірі, енді біреулер протеиндер тек бұлшық-ет өсіруге ғана арналған деп біледі. Сіздің ойыңыз қалай?
Протеинді көбіне тренажерный залға баратындар ішеді. Жалпы протеинның аса қатты зияны жоқ сияқты. Керісінше дәрумендерге бай, ағзаға жақсы көмектеседі. Бірақ бүйрекке зақымы бар деп естігенмін. Анық-қанығын білмедім.
Күш қуатын кемиді, абай болу керек. Ішінде не бір зат бар дейсін? Жатқан бойда химия ғой.
протеинді қайтесің, кейін бұлшық еттерің ағып түсіп қаладығо
Ал қоспалар, жаттығушы адамның асындағы сол ақуыз жетіспеушілігін толықтыруға бағытталған.
Ақуыз таза күйінде ешбір табиғи тамақта болмайды. Бірақ, жүз пайыздық эталонды ақуыз деп кәдімгі жұмыртқаның ақуызы саналады.
Ақуыз (жандарыңа жақса протеин десеңдер де болады) етте көп болады. Бірақ ірі қара мен қойдың етінде сонымен бірге майы да көп, сәйкесінше холестерин (өте зиянды, қан тамырларын қоқыстайтын элемент) көптігінен, көптеген бұлшық ет өсіруші спортсмендер қайнатылған, немесе терісі сыпырылған гриль тауық етін тұтынады.Әсіресе, тауықтың төстігі ақуызға бай, бірақ майы аз болғандықтан атлеттердің сүйікті тағамы..
Сонымен қатар асбұршақтар, гречка ақуыздың қайнар көзі.
Ал айтылып отырған қоспалар, ақуызға бай азық түліктер негізінде жасалады.
Асбұршақ (Соя), Бидай, Ет және сүт негізіндегі протеиндер болып бөлінеді.
Кей адамдар сүтке алергиясы бар, ағарған ішсе іші өтеді, олар протеин таңдағанда бидай мен ет негізіндегі протеин алғаны дұрыс.
Бірақ тамақтан алатын ақуыздан бөлек, қосымша протеин жеудің бұлшық ет өсірудегі сиқырлы күші де, оның якобы сұмдық зияны да тым асыра сілтенген.
Қарапайым строй материал протеин деген. Ағзаңның қажетіне қарай мөлшерін есептеп ал да рахатыңа пайдалан.
ПС. Протеин химиялық қоспа екені рас. Бірақ химиялық өнімдердің барлығы зиян емес. Жалпы не туралы айтып отырғандарыңнан хабарларың жоқ болса, босқа адамды адастырмаған жөн.
Протеинді көбіне тренажерный залға баратындар ішеді. Жалпы протеинның аса қатты зияны жоқ сияқты. Керісінше дәрумендерге бай, ағзаға жақсы көмектеседі. Бірақ бүйрекке зақымы бар деп естігенмін. Анық-қанығын білмедім.
Протеин деген ол атының өзі айтып тұр белок яғни ақуыз.Суға езіп ішу үшін арнайы технологиядан өтіп ұнтақталған.Егер бүйрек және бауыр қызметі қалыпты нормада болып, өзінің белгіленген дозасында пайдаланып суды көп ішсе, ешқандай зияны жоқ сияқты.. Бірақ менің бір сезіктекнетінім осы белокты қайдан алады??? Көп жағдайда соя белогынан өндіріледі дейді, бірақ сол сояның ГМК емес екендігін тексеру біздің фрамацевтика саласында қандай сатыда??? Тағы ойландыратыны протеин дәрі емес , жай тамаққа белсенді қоспа , ал белсенді қоспалардың сапасын Қазақстанда тексере ме??? Сондықтан протеин қабылдайтындарға ескерту, денсаулыққа мұқият болған дұрыс !!! Батыс Европалық сападағы протеинді қабылдаған дұрыс сияқты.