Қысқы соната / Winter Sonata

Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жыл: 2002
Сериялар саны: 20

Жанр: романтикалық драма

Рөлдерде:

Пэ Ён Чжун - Кан Чжун Сан/Ли Мин Ён
Чхве Чжи У - Чжун Ю Чжин
Пак Ён Ха - Ким Сан Хёк
Пак Сол Ми - О Чхе Рин
Ли Хё Юн - Кон Чжин Сук
Рю Сын Су - Квон Ён Кук

Сипаттама:

Жоғары сынып оқушысы Кан Чжун Сан әкесін іздеп, анасының туған қаласына оралып, жаңа мектепке ауысады. Ю Чжин мен Сан Хёк – оның жаңа сыныптастары. Екеуі бала кезден дос, алайда, Сан Хёк үшін Ю Чжин дос қана емес, ғашығы. Ал Ю Чжин Сан Хёкті тек дос ретінде қабылдайды.

Кан Чжун Сан жаңа мектепте жалғызсырап, өзін салқынқанды ұстайды. Сондықтан, Ю Чжин оны жақын тартып, достасуға талпынады. Бұл талпынысы екі жастың бір-біріне ғашық болуымен аяқталады. Алайда, әу баста әкесін іздеп келген Кан Чжун Сан ақиқаттың шетін шығарамын деп жүріп, Жаңа жылға аз қалғанда көлік апатына ұшырап, қайтыс болады.

...Жылдар өтеді. 10 жыл өткен соң, сыныптастар Ю Чжин мен... Сан Хёктің некелесу тойына жиналады. Сан Хёк жауапсыз ғашық екенін түсінеді. Бірақ Ю Чжин тұрмыс құруға келісімін бергеніне риза. Алайда, сыныптас дос қыздары О Чхэ Рин өзінің жаңа жігіті Ли Мин Хёмен таныстырғанда жағдай күрт өзгереді... Өйткені, ол қайтыс болған Кан Чжун Санға қатты ұқсайтын еді.

«Қысқы соната» әуені басталды...

Аударған:Zere

"Қысқы соната" негізінде "Корей толқынының" бастамасы болып саналады. Көптеген корей сериалдарының желісін құрайтын "төртеудің" махаббаты осы сериалдан бастау алған. Және де сүйген кезде қыздың көзінің бақырайуы бұдан кейін мыңдаған сериалдың сюжетінде қайталанған. Корей телехикаяларының ерекшелігі десек те болады.
Сериалдағы кіршіксіз махаббат, ер жігіттің қыз баланы сыйлауы, шексіз сүюі, оның құндылықтарын жоғары бағалап, қамқор болуы. Өз кезегінде қыз көңілінің кіршіксіз пәктігі, жұмсақтығы, махаббат алдындағы шарасыздығы, қиындықтарға төтеп беруі. Бұның бәрі адам бойында осындай тамаша қасиеттерді тәрбиелеуге үлес қосады деп ойлаймын.
Және де бұл телехикаяда адам өмірі мен тағдырдың тылсымдығы сөз қозғалады. Адамның маңдайына жазылған махаббатқа сендіреді, тағдырға сендіреді. Қанша жерден зұлымдық атаулымен күреске түссең де жақсылықтың жеңуі, тағдырдың өз дегенін істейтініне көз жеткізеді. Алайда, өз кезегімде бұны қағида деп алуға ұсынбаймын.
Сериал тұнған романтика. Романтикаға сенуге болады, бірақ өмірде бәрі басқаша екенін ұмытпаңыздар.


[size=150:2tiwqdhr]"Қысқы соната" сериалын қазақша субтитрлармен МЫНА ЖЕРДЕН көре аласыздар.[/size:2tiwqdhr]
Осы сериалды қараудың бір сәті түспей жүр, қалайда көру керек екен.