Кузей-Гүней / Кузей-Гюней / Kuzey Güney



Жылы: 2011
Елі: Түркия
Режиссері: Мехмет А. Озтекин
Рөлдерде: Кыванч Татлытуг, Бурга Гюльсай, Ойкю Караель, Баде Эскиль, Мустафа Аскиран, Юнал Гюмюш, Семра Динчер және басқалар...

Кузей мен Гүней - Солтүістік пен Оңтүстік тәрізді, бір-біріне ұқсамайды...

Телетоптаманың басты кейіпкерлері - Кузей және Гүней атты бір-біріне мүлдем ұқсамайтын ағайындылар.


Кузей - бастауыш сыныптардан кейін мектепті тастап кеткен, өз ауданында тентек, шатақ мінезді жігіт ретінде танымал. Өте сабырсыз, басына түскен қиындықтарды жұдырықтың көмегімен шешуге үйренген, сондықтан да жиі жағымсыз жағдайларға тап болады.
Бала кезінен үлкен ағасымен бақталасып өскен. Ата- анасының айтуымен, Гюнейдің жасаған қылмысын мойнына алып, біраз уақыт абақтыда отырып шығады.
Гүней - Кузейдің толық қарама-қарсысы. Інісіне қарағанда шыдамды, алдына қойған мақсаттарына үнемі жетеді. Жанұяда бірінші бала болғандықтан, ата-анасының махаббаттары оған ерекше. Болашаққа деген жоспары зор, сүйіктісі - Джемреге үйленгісі келеді.
Джемре - өте кеудемсоқ қыз. Анасымен бірге ағайындылар тұратын ауданға көшіп келді. Ол ағайындылардың екеуіне де ұнап қалады. Алайда, Джемре өзіне келешегінен үміті бар Гюнейді таңдады, ал оның жүрегі басқаны іздейді.
Екеуі де бір қызға ғашық болғандықтан, екеуін біріктіретін де сол-Джемре. Ешқайсысының да берілетін ойлары жоқ, қыздың бақыты үшін олар күресуге дайын және махаббат үшін талайға барады...

Жігіттері де үлкен көрінеді өз жастарынан
Vogue журналына жасалған фотосессия:
Мерве Болугурмен қысқаша сұхбат



Шашыңызды неге қараға боядыңыз?
- Маған сарғыш шашым ұнап еді. Сериал болмағанда, сол түспен жүре беретін едім. Бірақ экранда қара түс жақсы көрінеді екен. Сол себепті Керем Чатай (продюсер) қара түспен жүруімді қалады.

Сіз әрдайым екінші пландағы рөлдерді ойнайсыз. Басты рөлде ойнағыңыз келмей ме?
- «Кішкентай сырларда» мен жағымсыз кейіпкерді сомдадым. Жалпы мен әртүрлі образдарды сомдағанды ұнатамын. Бір қызығы менің жағымсыз кейіпкер рөлім көбіне ұнапты және көбі көргісі келіп тұратын болыпты. Көрермендердің ықыласына бөленгендіктен сценарий де өзгеріп отырды. Кузей-Гүнейде жалпы басты рөл жоқ. Ер адамдардан кімнің рөлі басымырақ екені анықталса да, әйелдердің ішінде ешкім басты рөлде емес.

Сериалға келіп, қойылған шарттардың бәрін бір реттен тындырып тастаймын деген ойлар болған жоқ па?
- Әрине, жоқ. Мақсаттарыма жету үшін барымды салып жұмыс істеймін. Менің жасап жатқан ісім мен үшін үлкен маңызы бар. Өз-өзіме сынмен қарап, одан да керемет болуға тырысамын. Мен перфекционистпін.

Түсіру алаңында сізге кім ұнайды?
- Мен Зеррин Текиндордың (Джемренің анасы) кейіпкерін ұнатамын. Өзі де көңілді адам, ойнауы да керемет.

Ал Кыванч Татлытугпен жұптасып жұмыс істеу қалай екен?
- Шын айтсам, мен қазір ғана ақырындап үйреніп жатырмын. Бірақ Кыванчпен жұмыс істеген рақат сыйлайды. Ол әрдайым жинақы, әрбір қойылымды соңына дейін ойластырып алады, өте тәртіпті актер. Және бәріне зейінмен қарайды. Мысалы, өзіне тамақ алдырса, бәрінен сендер ішесіңдер ме деп сұрайды.

Актерлерден кім ұнайды?
- Мен Тим Бертонның жанкүйерімін. Өзімді оның ғажайып әлемінде жүргендей сезінемін. Сонымен қатар Джонни Деппті жақсы көремін. Бұл актер кез келген рөлді, кез келген адамды ойнап бере алады. Ол ойнаған «Чарли мен Шоколад фабрикасы» маған үлкен әсер қалдырды. Актрисалардың ішінде Жульет Бинош ұнайды.

Көбі сізге Голливудта бағын сынап көрмей ме дейді? Сондай жоспарларыңыз жоқ па?
- Алдымен өз елімде жетістікке жетіп алуым керек, сосын көре жатармыз. Мен бірнеше телехикаяларда ойнадым. Қолымнан келгенін ұққан уақытта, бәлкім шетел жайлы ойланармын.

Мельтем Джумбул сияқты Алтын Глобуста сөз сөйлеу мүмкіндігі туса, сахнадан не айтар едіңіз?
- Білмеймін, қиын сұрақ... Бәлкім Джонни Деппті алып келіңдерші дейтін шығармын.

Өзіңіздің қандай қасиетіңізді жоғары бағалайсыз?
- Мен командада жақсы жұмыс істей аламын деп ойлаймын. Бірге істейтін адамдарымды ешуақытта бөлмеймін. Түсірілім алаңында бәрімен сөйлесуге тырысамын. Әрбірінен жаңа бірдеңеге үйренемін. Мен үшін әрбір адам құнды. Ешкіммен ұрсыспауға тырысамын. Егер ашулансам, аузымнан жаман сөздер шығып кетуі мүмкін. Сондықтан үндемеуге тырысамын.

Отбасыңызбен қандай қарым-қатынастасыз?
- Жақсы. Анам досым, әрі менеджерім. Әкеммен де өте жақынбыз.

Олар немен айналысады?
- Анам – үйде, әкем сауда жүйесінде.

Үйде жалғыз баласыз ба?
- Жоқ, ағам бар.

Түнгі өмір жайлы не ойлайсыз?
- Ондаймен өмір сүрмеймін. Концерттерге көп бармаймын. Ол жақта адам көп, у-шу, темекінің иісі...

Ондай кезеңнен есейіп кеттім деп ойлайтын шығарсыз?
- Жоқ, мәселе онда емес. Тыныш өмір сүрген өзіме ұнайды. Өзіме қызықты үйде де тауып аламын. Сүйікті музыкамды тыңдап, достарымды шақырып дегендей...

Бірақ ата-анаңыз кештер жасауға рұқсат бермейтін шығар?
- Жоқ. Олар да бізбен бірге отыра алады. Мен оларды қатты жақсы көремін. Және олар маған ешқашан қарсылық білдірмейді.

Ең үлкен армандарыңыз?
- Үйімнің ортасында карусель болса.

Қандай сыйлық алғыңыз келеді?
- Шарманка. Осындай заттарға келгенде мен өзімді бала сезінемін. Сол себепті шарманка типтес бірдеңелерді сыйлыққа алар едім.

14 ақпан ғашықтар күні сіз үшін маңызды ма?
- Иә, менің ойымша бұл қарым-қатынасты жаңа бір деңгейге өтуіне көмектеседі.

Болашақтағы 3 арманыңыз?
- Бірінші - денсаулық. Екінші – актерлік ортада мықты болу. Үшінші - Диснейлендке бару.

Егер «Кузей-Гүнейдің» сценаристі болсаңыз бұл оқиғаны қалай бітірер едіңіз?
- Қиын тапсырма, бірақ КУЗЕЙді бақытты ететін адаммен қосып, ол үшін жақсы аяқтар едім.

Ал шынайы өмірде осындай қызуқанды жігіт сіздің жүрегіңізді жаулап алар ма еді?
- Менің өмірімде мұндай болған. Және үйленген еркекке уақытымды құртпас едім. Өмір онсыз да түрлі сынаққа толы. Оған қоса қиын қарым-қатынасты арқалап жүріп не керек?

Орысшаға аударған – Breeeze
Қазақшаға аударған – Анар Мұстафина
Егер «Кузей-Гүнейдің» сценаристі болсаңыз бұл оқиғаны қалай бітірер едіңіз?
- Қиын тапсырма, бірақ КУЗЕЙді бақытты ететін адаммен қосып, ол үшін жақсы аяқтар едім.

Демек, ол соңында ешкімге қосылмай ма? Қосылмай-ақ та қойсыншы, тек өліп қалмасын соңында((.
Сосын Өйку Караель ағылшындардың герцогиня Кейтіне қатты ұқсайды екен. Әлде мен ұқсатам ба? :shock:
"Erkekyz C" Сосын Өйку Караель ағылшындардың герцогиня Кейтіне қатты ұқсайды екен. Әлде мен ұқсатам ба? :shock:


келетін сияқты аздап:



Үндемеңдер, қызық алда әлі ))) Кузей-Гүней сериалы енді қызып жатыр )))
Гүней мен Бану үйленеді екен ғой әйтеу.... Бірақ Джемре мен Барыш :(
2- сезоны қашан болар екен?
Әнеукүндері 31 қақсап жатыр еді "соңғы серия" деп, "әй, қайдам" деп едім, сөйтсе шынымен тек бірінші маусым ғана біткен бе?