Кузей-Гүней / Кузей-Гюней / Kuzey Güney



Жылы: 2011
Елі: Түркия
Режиссері: Мехмет А. Озтекин
Рөлдерде: Кыванч Татлытуг, Бурга Гюльсай, Ойкю Караель, Баде Эскиль, Мустафа Аскиран, Юнал Гюмюш, Семра Динчер және басқалар...

Кузей мен Гүней - Солтүістік пен Оңтүстік тәрізді, бір-біріне ұқсамайды...

Телетоптаманың басты кейіпкерлері - Кузей және Гүней атты бір-біріне мүлдем ұқсамайтын ағайындылар.


Кузей - бастауыш сыныптардан кейін мектепті тастап кеткен, өз ауданында тентек, шатақ мінезді жігіт ретінде танымал. Өте сабырсыз, басына түскен қиындықтарды жұдырықтың көмегімен шешуге үйренген, сондықтан да жиі жағымсыз жағдайларға тап болады.
Бала кезінен үлкен ағасымен бақталасып өскен. Ата- анасының айтуымен, Гюнейдің жасаған қылмысын мойнына алып, біраз уақыт абақтыда отырып шығады.
Гүней - Кузейдің толық қарама-қарсысы. Інісіне қарағанда шыдамды, алдына қойған мақсаттарына үнемі жетеді. Жанұяда бірінші бала болғандықтан, ата-анасының махаббаттары оған ерекше. Болашаққа деген жоспары зор, сүйіктісі - Джемреге үйленгісі келеді.
Джемре - өте кеудемсоқ қыз. Анасымен бірге ағайындылар тұратын ауданға көшіп келді. Ол ағайындылардың екеуіне де ұнап қалады. Алайда, Джемре өзіне келешегінен үміті бар Гюнейді таңдады, ал оның жүрегі басқаны іздейді.
Екеуі де бір қызға ғашық болғандықтан, екеуін біріктіретін де сол-Джемре. Ешқайсысының да берілетін ойлары жоқ, қыздың бақыты үшін олар күресуге дайын және махаббат үшін талайға барады...

Актерлер жайлы мәліметтер:

Кыванч Татлытуг - Кузей Текиноғлы рөлінде

Түрік актері Түркияның Адан қаласында 1983 жылдың 27 қазанында дүниеге келген. Жанұясында ол бесінші және ең кіші бала. Ана-анасы кішкентай кезінен оның бойына жетекшілік қасиетті сіңдірген және ұлдары үшін еш нәрсе аямаған. Туған қаласындағы дербес колледжде оқыған, бірақ кездейсоқ оның отбасына Стамбулға көшуге тура келеді. Кыванчтың әкесінің жүрегіне операция жасау керек болады. Бақытына орай, барлығы сәтті өтті! Жас жігіт оқуын үлкен қалада жалғастырды. Кішкентай кезінен ол баскетболмен айналысты. Және Стамбулда «Улькер Спорт» баскетбол командасының құрамына кірді. Аяғынан алған жарақаты болмаса, Кыванч кәсіби спортта жақсы мансапқа жетер еді. Бірақ, тағдыр басқаша шешті! 18 жасында өзін модель ретінде байқап көреді. Подиумдар мен журналдардың басқы беттерінде жарқырауға жігіттің бойы және европалықтарға қатты ұқсайтын бет әлпеті де келісіп тұр еді. Өз-өзіне сеніп және әсерлілігін қолдана білуде Кыванчқа анасы көмектеседі. Атап айтқанда, анасы ұлын модель ретінде кәсіби мансап құруға көндірді. Және онысы бекер болмады, бір жыл өткеннен кейін ол «Best Model of Turkey» және «Best Model of The World» сайыстарының жүлдегері атанды. Париж бен Рим подиумдарында өнер көрсетті. Алайда, осындай табыстарға қарамай, Кыванч модельдік "өмірдің" қысқа екенін және маңызды мамандық алуды түсінеді. Стамбулдағы Мәдениет университетінің коммуникация және дизайн факультетін бітіреді. Сол жерде жас жігіт дарама театрдың актерлік курсына барып жүрген бір топ жастармен танысып, өзін жаңа рөлде байқап көргісі келеді. Осылайша ол кинематограф жолында бастама алған драмалық студияның тыңдаушысы болды. Бірінші рет 24 жасында режиссер Картал Тибеттің «Американцы на Черном море» атты комедиясына түседі. Комедия жарық көргеннен кейін, оған атақты кинематографистер көңіл аудара бастайды. Жас жігітке телетоптамалаға шақыру "жауады". Ол «Эзель», «Гюмюш» және «Мезгілсіз сезім», ал былтыр «Кузей Гуней» телетоптамаларына түседі. Оны "Түріктің Бред Питі»деп атайды, ал жылтыр журналдардың оқырмандары оны Түріктің ең сексуалды актері деп мойындайды! Осымен Қазақстандық әйелдер де келісетін сияқты. "31 арнадағы" «Мезгілсіз сезім» телетоптамасында Кыванч Татлытуг басты кейіпкер Бехлүлдің рөлін сомдайды. Ол өзара сүйіспеншілік орнаған ағасының жас келіншегіне деген құмарлығының тұтқыны болады. Соңынан, актер осы рөлді сомдау оған қиын болғанын мойындайды. Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын бұл тақырыпта ол көптеген түрік көрермендерінің алдында арбағыш және жанұялық құндылықты бұзғыш ретінде көрінді. Актер топтама жарық көргеннен кейін көрерменнің махаббаты жек көрушілікке айналады деп болжамдады. Бірақ, олай болған жоқ! Дегенмен, баспасөзде кейіпкер мен актердің шын өмірін салыстыруға әрекет жасалынды. Ал, Кыванч Татлытугтың шын өмірінде бәрі мүлдем басқаша! Атақты актер, әйелдердің сүйіктісі, табысты азаматтың жанжалдарда байқалмағанына тілшілер таң қалды! Түрік халқы алдында ол құрметке ие, шулы ойын-сауық кештерінен бойын аулақ алып жүреді, тіпті өзінің әйгілі атағынан да ұялатындай. Өзінің жанұясындағыдай, жас актер жеке, үлкен отбасын армандайды. Сүйіктісінің сенімді әрі шыдамды болуын қалайды. Ал, әзірге Кыванч Татлытуг бос уақытын жұмыс пен спортқа жұмсайды. Айтпақшы, жақында американдық продюсер және режиссер Джеймс Кэмеронның өзі түрік жұлдызына қызығушылық танытқан. Ол Кыванчты жарнамадан көрген: - «Осы жігіт үнемі қозғалыста. Сымбатты, тамаша актер және жақсы сүңгігіш!». Бұл әңгіме Кэмеронның жаңа «Святилище» киносының түсірілім кезінде айтылған, сюжет бойынша сүңгуірлер су астындағы үңгірде қамалып қалады. Режиссер Татлытугпен байланысу туралы мәліметті алғаны да белгілі. Мүмкін түрік жұлдызы жақында Голливудта да жанар?
Бугра Гүлсой (Bugra Gülsoy) - Гүней Текиноғлы рөлінде



Бугра Гүлсой 1982 жылы 22 ақпанда туылған. Түрік актері, архитектор, дизайнер және фотограф. Анкара қаласында білім алып, Шығыс-жерорта теңіздік университетінде архитектор мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Сол кездері Кипрде болып, Кипр Ұлттық театрында түрлі образдарды сомдап жүреді.
Бугра режиссерлік қабілетін де көрсетіп үлгерген. Қысқа метражды фильмдерден "Трио", "Гетеротопия", "С ног на голову", "Гранатовая рана" сынды туындыларын жарыққа шығарған. Сонымен қатар, Кипр фильмдер ассоциациясының негізін қалаушы, Кипр Халықаралық қысқа метражды фильмдер фестивалінің директоры.
Оның актерлік мәнсабы «NC ашық теары" (2002) фильмінен басталды. 2008 жылы Гүлсой "Бәріміз біріміз үшін" атты телехикаяда Назим рөлінде ойнайды. 2009 жылы "Күнді көрдім" фильміне түседі. Ал 2010 жылы "Фатмагүлдің күнәсі не?" сериалында Вуралдың рөлін сомдайды. Арасында "Көлеңкелер мен беттер" фильміне түсіп үлгереді. Қазіргі таңда "Күзей-Гүней" телехкаясында басты рөлдерді сомдар жүр.
Бугра 2007 жылы Түркия аруы 2007 Селен Сойдермен кездесіп жүрген. Кейін актриса Бурджу Карамен кездесіп, 2011 жылы үйленеді де, 2012 жылы ажырасып кетеді.

[youtube:171d95v0]http://www.youtube.com/watch?v=4XvwzZILVG0[/youtube:171d95v0]
Өйкү Караель (Öykü Karayel) - Джемре рөлінде



Өйкү 1990 жылы 1 қаңтарда Стамбул қаласында дүниеге келген. Çemberlitaş қыздар мектебінің түлегі. Кентер театрында курстар өткен соң, 2007 жылы Стамбул университетінің Мемлекеттік консерваториясының театр бөліміне оқуға түседі. Қазіргі таңда Крекин консерваториясында білімін жалғастыруда.
Güzel Şeyler Bizim Tarafta танымал қойылымына 30 үміткердің ішінен суырылып шығып, Айша рөліне тағайындалады. Осы рөлі үшін көптеген жүлделерге ие болады.
Рыза Қожаоғлы (Рыза Коджаоглы, Rıza Kocaoğlu) - Әли рөлінде



Рыза Қожаоғлы 19 наурыз, 1979 жылы Измир қаласында дүниеге келген. Dokuz Eylül университетін актер шеберлігі мамандығы бойынша тәмамдаған. Чаған Ырмактың "Маған сәттілік тіле" фильмімен Кино саласына қадам басып, бас рөлін сомдап, соның арқасында режиссерлік орынға алғашқы отыруы. Жемісті жетістіктерінің арқасында Şile Büyülü Fener кино фестивалінде "ең үздік еркек рөлі" деген марапатқа ие болады. "Сезон охоты", "Клуб неудачников" сынды фильмдерден кейін бағы жанып, "Кузей Гүней" сериалына шақырылады. Әкесі Исмайл Қожаоғлы жылдар бойы Гөзтепе футбол командасының жанкүйерлер басшысы болып келеді. Рыза да Гөзтепенің үлкен фанаты.
Бадэ Ишчиль (Bade İşçil) - Бану рөлінде



Бадэ Ишчиль 1983 жылы 8 тамызда Стамбул қаласында дүниеге келген. Yeditepe университетінің "Сән және дизайн" факультетін бітірген. Ол ең алғаш эфирге 2007 жылы Metropol Cafe атты комедиялық сериалда көрінеді. 2009-2011 жылдары Эзель телехикаясында Шебнем рөлін сомдайды. Одан кейін "Кузей Гүней" сериалының түсіріліміне кірісіп кетеді.
Хазар Ергүчлү (Hazar Ergüçlü) - Симай рөлінде



Хазар Ергүчлү 1992 жылы Кипрде туылған. Никосия муниципалитетіне қарасты жастарға арналған театрда жұмыс істеп жүріп, Дервиш Заимның "Көлеңкелер мен беттер" фильмінде ойнап, мамандардың көзіне түседі. Содан кейін "Кузей Гүней" телехикаясына шақырылады.
Мерве Болуғур (Merve Boluğur) - Зейнеп рөлінде



Мерве Болуғур 1987 жылы 16 қырүйекте Стамбул қаласында дүниеге келген. Mujdat Gezen Өнер институтында актерлік шеберлік мамандығы бойынша оқыған. Кейін Серкан Шенальмен бірнеше жарнамалық роликтерге түседі. Жарнамалардың арқасында Acemi Cadi телехикаясына шақырылып, Айшегуль деген сұмырай қыздың рөлін сомдайды.
Acemi Cadi біткен соң, Aşk Yeniden телехикаясына түседі. Одан соң Хаяль рөлін Kül ve Ateş сериалында сомдайды. Бірақ нағыз атақ оған Küçük Sırlar (Кішкентай сырлар) телехикаясында Айшегуль рөлімен келеді.
Одан кейін де ең танымал түрік телехикаясы Кузей Гүнейде басты рөлдердің бірін сомдайды.
Бәрі жап-жас актерлар екен ғо. Әсіресе қыздар. :) Зейнепті Айшегюльдың рөлінде ойнағанын білемін, ол жақта нағыз стерва еді. Мұнда жақсы қыз сияқты деп ойлап жүргем, бұл жақта да стерва екен ғо :mrgreen:
Түріктің қыздары өз жастарынан әлдеқайда үлкен көрінеді ше. Мерве де солай, ал, Хазар мен Өйкү тіптен де ұқсамайды 90, 92-жылғы қыздарға...