Ұл балаға есім керек

Әпкем, айналайын әпкем бұйырта, Құдай қаласа өмірге шекесі торсықтай ұл әкелмек. Соған нәрестеге есім керек. Қандай есім әдемі? Ұл балаларға қандай ат қоюға болады? Көмек керек, Массагет! (сурет фэйсбуктан алынды)

Ғибат, Нұрұлан, Заңғар, Санжар деген есімдерге былай-былай боп қалам))
Мырқымбай! 8-)

Супер ат)

Мега гига тера супер ат! Ондай ат менде және өзімде ғана бар! 8-)
Сұлтанәлі
Томирис деген қыздар арасында қаптап кеткен соң, мен Массагет деген есімді ұсынамын)
Жаһаншах
Маған Ғазиз деген есім ұнайды. :idea:
Мына атқа қалай қарайсыңдар? Ал, қойыңдар! :)))))
Мына атқа қалай қарайсыңдар? Ал, қойыңдар! :)))))

Ареке, шын атыңды осы уаққа дейін жасырып келгенің не :o
Байрақ, Қайрақ тарихи ер адамға өте лайық есімдер, Өзім бір досым ұлды болғанда Құрмет деген есім ұсындым бірақ атасы Әбілмансұр деп қойды. Досымда өзімеде осы Құрмет деген есім ұнады, Келешек Алла ұл беріп жатырса дайындап отырмын. Құрмет деген есімді өзім ойлап айттып досыма, бұрын естімеген есім екен деп ұнатып қалды. Ойланып көрерсіздер кімде кім ұлды болса тарихи есімдерді тірілтіп немесе Құрмет деген сиақты Қазақи есім Қазақи мағына беретін есім керек Диас тсс дегендер не мағына түсінбедім.
Бекмұрат, Бектөре