Хэллоуинге көзқарасыңыз
31 қараша күні бір жігіт фейсбукке жазыпты: "Көлігіммен келе жатсам, алдымнан бір топ жастар шықты. Бір қыздың аузы-басы қан-қан, жүрегім тоқтап қала жаздады. Тіпті көлігімді басқара алмай қала жаздадым. Сөйтсем, бұл макияж екен. Еріккендер!" - деген сияқты.
Осы Хэллоуин бастала салысымен халықтың пікірі сан-саққа жүгіреді: біреуі керек емес десе, екіншісі қызық қой, дейді. Сіз қалай ойлайсыз?
Назарларыңызға Хэллоуингке жасалған түрлі макияждарды ұсынамын:
Шыны керек, қолдамайды екенмін.
Қарсымын. Бұл мерекені өзгелердің ерекше күтетіндері ұнамайды.Жолдан қослыған бұл күнге ерекше мән беретіндеріне таңмын. Одан қалса асқабақты былай да, былай да қорлайды. Қазақ аспен ойнамаған ғой
Барар ем
түбегейлі қарсымын!
Менің қарсы болу, болмауымнан ешнәрсе өзгермеуі керек, тағылымсыздықтың аты Тағылымсыздық. Адами пайымның таусылған жерінде осындай мерекеге деген "құрмет" басталады. Қалай ғана сумаң-сумаң етіп біздің күнтізбемізге еніп кетті екен? Қандай мағыналы мейрам екені есіме түссе "Кешір, Алла! Кешір Алла!" дей бергім келеді. Нағыз бассыздық деп білем. Егер арамызда біреу-міреу "ұнайды, жақсы мейрам" дер болса, онда ол мейрам ретінде қарап, құрметтеу емес, бар болғаны сыртқа "қорқақ емеспін" деп, батырсымақтану, өздеріне түсінікті тілде айтсам "арзан понт" қана...
Мен де қарсымын! Салтанаттың айтқанына қосылам! Ертең клубта универдің хэллоуині болад деген, содан группада "барасың ба?" дегендерге "жоқ!" десем, "неге" дейд. Содан өз пікірімді айтып едім, барам деп отырған екі үш қыз мені қолдап бармайтын боп қалд
мерекелер болып тұрған әрине жақсы, бірак бет-жүздерін өзгертіп бірін-бірі қорқытатындай емес! Алла берген жүзін қайдағы бір мереке үшін бояп сылаудың менің ойымша түкте қажеті жоқ
В контакте-да осы туралы КАЗНУдың Мәслихатының бір баласымен сөзге кеп қалдым. Мен қолдамаймын. Құдайсыздардың мейрамы