Шыққан тегі испандық. Пикассо 10 жасынан суретшілік талантымен танылған. Ол Барселонадағы әсемдік өнер мектебінде, Мадридтегі Сан-Фернандо Академиясында (1897 — 98) оқыды. 1897 жылы алғашқы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылады. Руис фамилиясынан бас тартқан Пикассо Парижге (1900) көшіп, коллекционер А.Воллардың галереясында көрме ашты. Пикассоның осы жылдардағы еңбектері — “көгілдір” (1901 — 04) және “қызғылтым” (1905 — 06) кезең туындыларына жатады. Бұл екі түсті гамманың басымдылығымен ерекшеленетін шығармаларының басты тақырыбы — жалғыздық, қайыршылық, кезбелік. Алғашқы үздік танылған картиналары: “Әйелдің басы” (1903), “Бала ерткен қайыршы шал” (1903), “Шар үстіндегі қыз” (1905), т.б.
A.
1907 жылдан бастап Пикассо реалистік кескіндеме дәстүрінен алшақтап кубизм, неоклассицизм, сюрреализм ағымдарына бой ұрды. Оның “Авиньон бикештері” (1907), “Желпуіш ұстаған әйел” (1909), “А.Воллар портреті” (1910), “Үш музыкант” (1920) атты еңбектері кубизм тәсілінде салынса, неоклассицизм мәнерінде “Бастау басындағы үш әйел” (1921), “Ана мен бала” (1922) шығармаларын жазды. Ал “Би” (1925), “Жағажайдағы әйел” (1930) картиналарында сюрреализм дәстүрінің негізі сақталды.