Сірке қышқылы ықылықты қойдырады екен
1. Құмырсқалардан арылу. Суға бірдей мөлшерде сірке қышқылын қосып, жәндіктер жайылып кеткен жерді сүртіңіз. Ол жәндіктерді кетіріп қана қоймай, ізін де жояды.
2. Ықылықтан арылу. Сірке қышқылына қант ұнтағын батырып, бірден ауызға салып, жеп қойыңыз.
3. Пластик, әйнек, хром материалдарды жуу. Бұл жерде де сірке қышқылы мен суды бірдей мөлшерде араластырып, былғанған материалдарды сүртіңіз. Жарқырағанын қаласаңыз, сірке қышқылына ас содасын қосыңыз.
4 Гүл шоғының өмірін ұзарту. Вазадағы 1 литр суға 2 ас қасық сірке қышқылын құйыңыз. Осылайша гүлдің көркіне ұзағырақ сүйсіне аласыз.
5. Аяқтағы қышыма жараны кетіру. Бірнеше күнде бір рет 15-20 минут сірке қышқылы қосылған суға аяғыңызды салып отырыңыз.
6. Кәуапқа дәмді ет дайындаңыз. Ол үшін 2 стақан суға ас қасық сірке қышқылын қосып, өзге дәмдеуіштермен бірге араластырыңыз.
7. Бітеліп қалған құбырларды ашу. Су құбыры бітеліп қалса, бірден сантехник маманды шақырмай, ¾ стақан ас содасына ½ стақан сірке қышқылын қосып, бітелген жерге құйыңыз. Арада 30 минут өткен соң үстіне ыстық сумен шәйіп жіберіңіз.
8. Алма қышқылы жылдам арықтауға көмектеседі. Бірақ оны қажет тағамдарға ғана қосқан жөн.