Қандай сыйлық қалайсың?

Қандай сыйлық керек? деп сұрағандарға не деп жауап беру керек? Немесе нені ұнатасың, не сыйлайын? дегенде, мынау мен анау керек деп тікесінен айтқан дұрыс па, жоқ па?

кейде айткым кееееп турса да айта алмаймын осыны))) кенес беріңіздерші!!!!)))
Меніңше дұрыс емес) "Қой құрсын, керек емес ештеңе, өзің келсең болды" деген дұрыс :lol: Өзіңе керек затыңды өзің алып ал. Сол адам болмағанда да сол зат кереееек боп баратса туған күніңді күтіп жүрмейсің ғой :)
папамдарға, ағама ұялмай айта берем, сумка керек анау брендтің, Түркияда демалғым келеді, жаңа әтір не болмаса қаржылай сыйлық керек деп)))))))) басқа ешкімнен ештеңе сұрап көрген емеспін)))
Сұрақ қойып жатқан кісінің туған күні жақындап келеді :lol: Дегенмен, сұрағы маған ұнап отыр))) Расымен де, туған күн қарсаңында осы сұрақты барлығы қояды. Не деп жауап береріңді де білмейсің :o
Өзіме ұнайтын сыйлық сыйласа екен деп ойлаймын. Былай ашып айта алмаймын не қалайтынымды
Пайдалы зат болса, маған болды)
Расымен естелікке қалатын зат жақсы ғой негізі, ее, кезінде осыны Пәленше сыйлап еді деп айтып отырасың :roll:
Мен осы ұнайды, анау күшті ғой, мынандай болса жақсы болатын еді, уау керемет, күшті деп айтып аламын да, 5 минуттен соң қалай айтып қойғанымды сезбей қаламын... Сөйтіп 1 аптадай осы әрекетім үшін қатты ұялып жүремін...