Бір ғана жоғарғы білім жеткілікті ме?

Бір ғана жоғарғы білім жеткілікті ме? Қалай ойлайсыз? Қазіргі жастарға магистр дәрежесі керек пе?

Бағып та оқуға болады)
Психолог мамандығын оқып алғым келіп жүр...
Меніңше,егер шама жетсе,ынта болса бірнеше ЖОО бітіріп алган дұрыс. "артық болмас білгенің" демейме. Қай кездеде білімді мыңды жығар.
Артық етпес, мүмкіндік болса оқу керек. Кім біледі, бір жоғарғы білімін болса, екіншісін де 4 жыл оқу керек пе?
бұл бір әйел жете ме деген сияқты болды ғой
[quote="Қаңбақ Шал!!!":y5gacduf]

Сіздің ойыңызша 3 жоғарғы білімі бар адам үйде отыра ма? :?


Үйдегі баланы кім бағады? :o[/quote:y5gacduf]
Өстік қой енді, :? үйдің кішісі 11де, оны да бағу керек пе? Жалғыз менің анам емес, қанша әйел дәлелдеді уже жұмыс пен үйді қосы алып жүруге болатынын :roll:
ең бастысы мүмкіндікті пайдаланып, жоқтан барды жасау керек
жеткіліксіз... маған жеткііксіз, оқимын!
Уақыт өткен сайын, көп адамдармен танысып, олардың тыныс-тіршілігін көрген сайын бір білімнің ЖЕТКІЛІКСІЗ екеніне көзім жетті
Бір танысым бар. Колледж бітірген. Жақсы бір жерде жұмыс жасап жүр. Бір танысым бар. Универді қызылмен бітірген. Жұмыс таппай үйінде жатыр. Диплом құнсызданды ма білмеймін... Оқу қолжетімді болды ма білмеймін... Дегенмен, магистрсіз болмайды деп жатыр ғой. Заман талабы болған соң, қалайда оқып алу керек. Білім үшін емес, тек қана заман талабы болғаны үшін... Магистратураға қалай түсу керектігін де білемін. Білім күшімен емес, әрине... (100 пайыз жинап тұрсаң да, өздеріне керек адамды ғана алады, оны жасырмай-ақ қойыңыздар) Кімге керек? Не үшін керек? Осыларды түсінбей далмын...