Қайрат Нұртас құпиясын қашан ашады?

Жақында "Жұлдыздар отбасы" журналынан Қайрат Нұртастың сұхбатын оқығанмын. Журналист құпиясын қашан ашатындығын сұрап еді, сұрақты жауапсыз қалдырыпты. Бұл ссұрақты журнал тілшісі әншіге бірнеше мәрте қойған. Әр қойған сайын әнші ләм-мим демейді.
Бір түсінбейтінім, Қайраттың бар құпиясын білетін ел-жұрты естен адасқан ба, әлде құпиясын әлі аша алмай жүрген Қайрат естен кеткен бе?!

Қалай ойлайсыз, Қайрат Нұртас құпиясын қашан ашады?

Қайраттың 3 баласы бар екенін елдің бәрі біледі ғойй..........

Ол болса, әлі аша алмай жүр құпиясын)) Сірә, 3 баласы бар екенін өзі де білмейтін шығар :lol:

:D :lol:
:
Қайраттың 3 баласы бар екенін елдің бәрі біледі ғойй..........

Ол болса, әлі аша алмай жүр құпиясын)) Сірә, 3 баласы бар екенін өзі де білмейтін шығар :lol:

:D :lol:

:lol: :lol: :lol:
Не екен? :roll:
Қайрат Нұртастың КЕЙБІР әндерін жақсы көрем, бірнеше рет тыңдай да берем, яғни әнші ретінде мен үшін өз деңгейі бар қатардағы жұлдыз. Бірақ мына "құпиясымағы" шаршатып жіберді. Түсінем, пиар керек, "бедел" керек, мойындаймын, басында қызықтым, сұхбаттарын қалдырмай жүрдім. Бірақ, шынымды айтсам "тойдым". Бір жыл емес, екі емес, халықты сонша ақымақ санауға бола ма? Өзінің айтатыны тым келте, оны небір "сары" басылымдар "түрлендіреді", былайша айтқанда мұндай пиар жұлдызды бір-екі жыл алға "жылжытса", келесі жылдары кері сүйрейді....
Жалпы, жұлдыз деген қарапайым халыққа үлгі болуы керек, көптеген жанкүйерлер елестетіндей идеал болмаса да, идеал болуға тырысуы керек қой. Қайрат Нұртастың интернетте жүрген әлгі видеосын көрген соң, әндерін тыңдағым келмей қалды. Сол видео Қайрат Нұртастың беделіне айтарлықтай нұқсан келтіргені жасырын емес. Одан кейін "Екі жұлдыз" жобасында ғой деймін, Қайрат Нұртас "тірі" дауыспен ән айтқанда, құлағымды басып, безіп кеттім. Өте өкінішті жайт әлбетте. Қазақ тыңдармандарының деңгейі қазір өте жоғары, себебі, кім көп, әнші көп, ән көп, яки таңдау көп. Халқын сыйламаған адамды халық та сыйлай қоймас.
Шын айтайыншы иә) Әнші ретінде қабылдамаймын Қайратты. Фанаттары кешірсін))))) Талғамда талас жоқ дейді ғой. Дауысы құлағыма жақпайды ма бірдеме.
менің ойымша Қайрат бір күні өзінің құпиясын ашады
"aniya ahatova" менің ойымша Қайрат бір күні өзінің құпиясын ашады

ашуын ашады ғой, бізді баласынбайтын шығар "әне айтам, міне айтам" деп алдаусыратып ақырында дым айтпай "аттанып" кететін (о, тоба құпиясымағының арқасында осы сөзді де естіді-ау, көп жасап, бақытты болғыр). Тек сол құпиясын ашқан кезде кем дегенде 9 баласы, 3 әйелі болу керек, себебі, енді елді 1 әйел, 3 баламен таң қалдыра алмайды, енді кеш...
Қайратты қатты жақсы көретін құрбым бар еді, кейде қалжыңдасып сөйлесеміз ғой, сонда: "бірінші баламның атын Қайратнұртас қоямын" дейтін. Мен де қоймай: "бірінші балаң қыз болса ше? Тіпті, екінші, үшінші, төртінші балаңа дейін қыз бола берсе ше?" деймін. Сондағы берген жауабы ғой: "сол да проблема болып па? Қайратнұртас1, Қайратнұртас2, Қайратнұртас3, Қайратнұртас4 деп қоя берем"...)))

:lol: :lol: