ФОРУМ-ЭСТАФЕТА (ЖҰМЫС АЛАҢЫ)

Қысқасы әркім өзінің жеке "рабочий столын" суретке түсіреді (фотоаппаратпен емес, джынды!). Сөйтеді де, осында қояды :) иә, иә білемін. Бұл әркімнің жеке интимі! Түсінемін. бірақ келсікендер келіссін, келіспегендер қоймай-ақ қойсын. Негізі, меніңше, қызық сияқты. Әркім өзінің "рабочий столын" айтып, қызықты деректер келтірсе болады. Ескерту: "Alt"+"Print Screen SysRq"

ЕСКЕРТУ: СУРЕТТІ ТҮРТСЕҢІЗ, ҮЛКЕЙЕДІ ;)

ЕСКЕРТУ: ӘДЕЙІ ЖҰМЫС АЛАҢЫН ТАЗАРТЫП, КЕРЕК ЕМЕСІН ӨШІРІП САЛУ ЖОҚ! БІРДЕН "БАН" БОЛАСЫҢ! деп қорқытайын дегем негізі :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

Для чайников:
СУРЕТТІ ҚАЛАЙ САЛУ КЕРЕК? Ол оп-оңай!
1) "Alt"+"Print Screen SysRq" басу керек.
2) paint бағдарламасын ашып, "ctrl"+"V" басасыз.
3) Jpeg форматында сақтайсыз. Болды... Сурет дайын! :)

Мен жаңарттым)))))
жар таңдау деген документте не бар?)))
Маған да сол қызық болып тұр)))
Менікі емес құрсын :) Бірақ, тезірек жар таңдауға септігін тигізсе жариялайын(бұл жерде қыздардың неге жар таңдааап жүріп алатыны туралы жазылған ғой дим :) ):

Жар таңдаудың себептері:

1. Имиджге еліктеу. Қоғамда құдды бір «күшті әйелдердің имиджін» жарнамалау көбейіп кеткендей... Мәселен, қазір барлық мекемелерде, телеарналарда күшті, бизнесмен, іскер әйелдердің бейнесі қалыптасқан. Олар әдемі киінеді, тапқан табысы кейбір ер адамдардың табысынан жоғары, яғни өзін-өзі асырауға үйреніп алған және т.б. осындай үлгідегі нәзік жандылар легі көбейіп барады. Осыған қарап отырып, бойжеткендер еліктейді. Мен де осындай болсам, өзімнің қолым өзіме жетсе екен деген оймен еліктеу. Сол еліктеу сезімімен олар бар күш-жігерін, ойын мансап жолына салады. Уақыт өте береді. Мансапқа қолы жеткен уақытта өзіне тең келетін жігітті іздей бастайды. «Бәрінің де өз емі бар, тек уақыттың емі жоқ» деген сөз бар. Ал ер адамдар мықты, күшті, табыскер әйелдерден қорқады. Неге? Себебі, әйел адамның бойында шетелдік ғалымдар дәлелдегендей, флюид деген болады екен. Флюид дегеніміз көзге көрінбейтін нәзік энергия, яғни әйел адамның бойынан шығатын аналық мейірбандылық, әйелдік нәзіктік деген сияқты әйелдің өзіне тән қасиеттерді айтады. Әйел адамның бойында флиюд жоғалса, жаратылысы әйел ер адамға айналады. Ондай әйел қанша жерден сұлу, көрікті, ақылды бола тұрса да олар ер адамды өзінен қашырып тұрады. Ер адамды тартатын энергия оның бойында жоқ. Оның үстіне, мұндай отбасында ер адамның авторитеті болмайды. Ал егерде қыз нәзік болып тұрса, әйелге тән бойында флиюді жоғары, женский энергиясы басым болса, онда ер адамның бойындағы мужской энергиясы одан сайын күш алады екен, сөйтіп, мықты, күшті еркекке айналады. Ол нәзік әйелді қорғасы, көмектескісі келіп, өзінен-өзі ұмтылыс білдіріп тұрады. Өзінен-өзі ол ер адамның еркектік бағасы, қадір-қасиеті өсіп, ол ер адам өзін «настоящий мужчина» ретінде сезінеді. Мұндай сезім оны отбасылық жауапкершілікті сезінуіне әкеледі, шаңырақтың тірегі ретінде өзін мықты, еркін ұстауына жетелейді. Сонда, ер адамның мықты болуы әйелдің бойындағы нәзік қасиеттерге де байланысты болады екен.

2. Ақпараттың сарапқа салынуы. Сердечный чакраның жабық болуы. Анығырақ айтсақ, қазіргі уақытта бойжеткенге бір жігіт кездессе, оны жүрекпен қабылдап, сезімге салмайды. Мәселен, оның үйі бар ма, машинасы бар ма, болса қандай маркалы, табысы қаншалықты деген сияқты қолдан жасап алған құндылықтарды ойлаймыз. Оның бәрі шамамен келіп тұрса, оның сыртқы тұлғасы да ойдан шығуы керек. Жалпы айтқанда, жүрекпен қабылданатын ақпараттың барлығы ақылға салынады, сезімге жете алмай жолда қалады. Тіпті сезімдерін сынап та көргісі келмейді. «Жүректен жүрекке» деген нәрсе тіпті бұрын-соңды болмағандай. Сөйтіп, танысқан не таныстырған жігіттер сезімге, жүректің қалауына емес, ақпаратқа салынып кетеді.


3. Барлық халықтың ділінде әйел адамды бір саты төмен тұруы керек деп есептейді. Бұл, әрине дұрыс, өйткені әйел еркектің қабырғасынан жаратқан. Осыны кейде әйелдер біле тұра, мойындағысы келмей, теңдікке ұмтылады. Бірақ, ол теңдіктің аяғы басқаша болып кететін жағдайлар да бар. Мәселен, ...

4. Қыз күнінен ер адамның алдында «әйел адам» ретінде мойындалмаған қыздар болады. Мысалы, жігіттің оған көз салмауы, қызықпауы, қарсы жыныс өкілінен қошемет сөз естімеуі, ер адамның бағаламауы, және т.с.с. Ер адамның вниманиесін ала алмаған әйел адам, оның орнын басқамен толтырғысы келеді. Мысалы, 1-лері қызмет қуады (сублимация), сосын қызметке, байлыққа жеткесін, анау-мынауды менсінбейді, не өзінен жоғарыны іздейді, ол табылмаса жүріп қалып, баяғы кәрі қыз атанады. Ондай қыздардың санасында, ойында өзімді «доказать» етемін деген ойдан басқа ештеңе болмайды.

Ер адамның вниманиесін ала алмаған әйел адам, оның орнын басқамен толтырғысы келеді. Мысалы, 1-лері қызмет қуады (сублимация), сосын қызметке, байлыққа жеткесін, анау-мынауды менсінбейді, не өзінен жоғарыны іздейді, ол табылмаса жүріп қалып, баяғы кәрі қыз атанады. Ондай қыздардың санасында, ойында өзімді «доказать» етемін деген ойдан басқа ештеңе болмайды.

2-лері вниманиені сатып алуға тырысады, ондай қыздар да, әйелдер де қазір көп. Ал, сатып алуға тырысқан әйелмен, ер адамдар тек уақыт өткізеді, оларға үйленбейді. Тағы да жалғыз бастылар, уақытша қарым-қатынас жасаушылар саны көбейеді.

3-лері внимание ала алмағасын, өзін тастап жібереді, олар уже тырыспайды да. Өмірін бауырларына, туған-туысына арнайды

Тағы бір ой, үйленудегі қиындықтарды біз тек қыздың тарапынан қарастырып жатырмыз. Қыз жағынан бөлек, жігіт тарапынан бөлек жіктеп жазсаң нақтырақ, кәдімгі психол-қ талдау ретінде болар еді. :D
:lol:
Менің жұмыс үстелім. Таныстырып өтейін: үймелі-сүймелі туған інілерім мен анашым...
Мынау менің жұмыс алаңым:
Мынау менің жұмыс алаңым:



да, ер адамның раб столы бірден байқалады :ugeek:
Мынау меніңкі
1.jpg