Мерекелерді не үшін атап өтесіз?

Табиғат ана оянып, көктем мезгілі төрімізден орын алғалы мерекеден-мереке болып кетті! 8-наурыз...22-наурыз...1-сәуір..,12- сәуір...15-сәуір...1-мамыр...7-мамыр... енді айта берсең арасында майда-шүйде меркелердің өзі қаншама? Жалпы айтпағым, осы мерекелерді атап өтудің қажеті неде? Сіз мерекені не үшін атап өтесіз?

Демалудың сылтауы ғой)
Мен үшін мереклер тек демалу ғана. Ал 31 желтоқсанда отбасыңмен бір қуанып, шүйіркелесіп қалу. 8 наурызда сүйіктіңнің алдында өзіңді қажет, бақытты сезіну.
1 қаңтар туған күнімнің өзі мерекемен араласып кетеді. 31 желтоқсанды асыға күтемін, ата-анама қыдырып барып, Отбасымыздың барлығы жиналатын мереке. 22 наурызда да дәл солай..., қалған мерекелер достармен, құрбылармен, ұжымдағылармен атап өтемін.
Мереке болмаса береке болмайтындай...бүкіл туысқандар, достар әр қиырдан бас қосып дегендей...
мерекесіз болмайды ғой :shock: