Айна

Айна

Ертеде бір хан уәзірлерімен базарда жүрген кезінде, жолы тұтқындар базарына түседі. Бостандықтарынан айрылған байғұс адамдар бірінен соң бірі құлдыққа сатылып жатқан еді. Хан құлдарды жақыннан көргісі келіп, құлдар тұрған жерге жақындаған кезінде, қария бір құл:
– Мырза, сәлдеңізде бір дақ тұр, – дейді.
Хан сәлдесін шешіп қараса, құл дұрыс айтыпты. Демек, бірнеше уақыттан бері дақ тиген сәлдемен аралап жүргенін бүкіл ел көрді. Қатты ұялады. Уәзірлеріне ашуланып:
– менің осылай жүргенімді көрсеңдер де, ешқайсың айтпай жүре бергенсіңдер. Менің шын досым мынау – құл. Досымның құл ретінде сатылуына разы емеспін. Құлды дереу сатып алып, бостандық беріңдер, – депті.
– Осы оқиғаны ешқашан ұмытпау үшін сол хан Пайғамбарымыздың мына хадисінен маңдайша жасатып, уәзірлеріне берген еді:
«Мұсылман – мұсылманның айнасы!»

Көз-көңілдің айнасы...
сөз - тілдің айнасы :D