Мультфильмдердің балалар мен жасөспірімдер санасына әсері

Бұрындары мультфильм – балалардың ой-санасын өсіріп, мейірімділікке тәрбиелейтін. Ал қазіргі мультфильмдер балалар санасына кері әсерін тигізеді. Оларды зұлымдыққа, менмендікке тәрбиелейді

Бәрін бір шыбықпен айдауға болмас. Заманауи мультфильмдердің арасында да мағыналы дүниелер бар. Онымен мағынасыздықтың қосарлана жүруі шахматтың ақ пен қара түсіндей заңды ғой. Мысалы, маған қытай елінің Муланы ұнайды. Онда тұнып тұрған патриотизм, бас кейіпкер қыздың бойында жауынгерлік рух бар. Анимациялық өнімдерден Спирит деп аталатын мустанг жылқы туралы мультфильм ұнайды.
бәріне топырақ шашуға болмайды ол жағы жөн
Бір жағынан солай деуге болады. Мысалы мультфильмдер мен үшін қызық, қыз бен жігіт арасындағы махаббат секілді балалар әлі көрмеуі керек нәрселер көрсетіліп жатады. "Ну, погоди" сияқты мультфильмдер көрсетілуі керек мысалы, қазір "Алдар көсе", "Қожанасыр" сияқты отандық өнімдер шығып жатыр ғой, дегенмен сапа жағынан келгенде "Шрэк" пен "Қожанасыр" арасында таңдау тұрса, әлбетте "Шрэкті" таңдайсың...
Расымен де, қазіргі балалардың санасы да талғамы да тым жоғарылап кеткен. Олар жақсы тәрбие беретін мультфильмдерден гөрі, сапасы мықты, жылдамдығы жоғары дүниелерді көргенді ұнатады.