Студент, тәбетің қалай?!

Студент, тәбетің қалай?!

Студенттік кезең – жастық шақтың ең бір қызықты кездері. Қызығы мен шыжығы аралас кездер есте қалары сөзсіз. Бірақ та «сол уақытта кеткен қателіктерім-ай» деп өкініп отырса, қиынның қиыны сонда болмақ. Біз жастық шақта өткізген бос күлкі, ырду-дырду жүрістердің өкінішін айтқалы отырғанымыз жоқ. «Ауру – астан, дау – қарындастан» демекші, күнделікті дұрыс қоректенбеген ас жайында болмақ.
Әне-міне дегенде сессия уақыты да жетеді. Яғни, бұл – ұйқысыз түндер, күн тәртібі мен демалыстың бұзылуы, мөлшерден тыс ақпарат қабылдау. Бұл жағдайдан бізді алып шығатын – дұрыс ұйымдастырылған, тиімді, уақытылы тамақтану. Көбіне-көп студенттер жүйелі түрде тамақтанбайды: жолда жүріп азын-аулақ, құрғақ тамақтану, күніне бір немесе екі мезгіл тоя тамақтану, асхана қызметтерін пайдаланбау, т.б. Ағзаның дұрыс жұмыс жасауы үшін оған күнделікті тамақпен бірге негізгі қоректік компоненттер болуы керек. Оларға ақуыз, май, көмірсутек, дәрумен және әртүрлі микроэлементтер жатады. Мидағы сұр зат өзі дене массасының 2-3%-ын құраса да, оның 100 млрд-тан астам жасушасы бүкіл энергияның 20%-ын жұтады екен. Әрине бұл қуатты біз тек астан ғана аламыз. Студенттердің аш жүруі дағдылы нәрсе болып көрінгенімен, уақытылы тамақтанбау дұрыс емес. Өйткені еліміздің болашағы жарқын болу үшін, бізге белсенді, тепсе темір үзетіндей дені сау жас мамандар қажет.

еххх, асқазан
"студент пен бөрі азығы жолда"- дейді ғой...
Тәбет жаман емес, шүкір
Студент деген атты иеленіп жүргеніме 2 жыл болыпты. 2 жыл бұрынғы асқазаныммен қазіргі асқазанды салыстыруға келмейді...Жер мен көктей..
Студенттік кезде дұрыс тамақтанбайтынбыз, сосын универді бітіргеннен кейін асқазан сыр бере бастады, Қазір емделіп жүрмін. Студенттерге айтарым ДҰРЫС уақытында тамақтаныңыздар! :ugeek:
Мен КАЗГУ-да оқып жүргенімде, сессия кезінде аз ұйықтайтынмын, таң ертеңнен кешке дейін тамақтанбай жүре беретінмін, бәрі таңқалатын "о қандай шыдамдысың" деп. Бір күндері тіпті су ішіп жүре беретінмін, ех, жастық студенттік шақ-ай!!! Осы соңғы рет ауруханаға тексерілуге барғанымда, асқазаның "ГАСТРИТ" деген диагноз қойды! Шошып кеттім, неге? қайдан пайда болды? Дәрігер гастриттің дұрыс тамақтанбаудан болатындығын айтты, сосын мен қатты өкіндім. Сол студенттік шаққа қайтып оралсам ғой, тамақты өз уақытында, қарнымды аштырмай 3 уақыт жейтін едім.
Барлықтарыңыздан сұрайтыным, АСҚАЗАН ауруын қалай емдеуге болады? Көмек беріңіздерші, өтінемін?
Асқазанды біртіндеп емдеуге болады ғой... Уақытында дәрумендері көп тамақ ішіп дегендей...Сондықтан уайымдамаңыз ;)
Асқазанды біртіндеп емдеуге болады ғой... Уақытында дәрумендері көп тамақ ішіп дегендей...Сондықтан уайымдамаңыз ;)


[color=#FF0000:2zzgsftt]ырақмет, ұшқын әпше[/color:2zzgsftt] :mrgreen:
шланг жұтуға дейін бармаса болғаны, жамааааан жұтқан :(