Дүкенбай Досжанның әңгімелерін оқығаннан кейінгі ой

Дүкенбай – шыншыл қаламгер. Олай деуімнің бірден-бір себебі «Жақсы кітап қалай жазылады?» әңгімесі. Бұл әңгіменің меңзеп тұрған идеясы өте қызық. Жақсы кітап жазу үшін – ақиқатты сүйіп, жалғандықтан жиіркену, шынайы ойлай білу керек. Бұл қаламгер пікірі. Және де қаламгердің пікірімен толықтай келісе отырып, идея авторына осындай баға бердім. Кейінгі кезде оның жазушылық абыройына нұқсан келді. Ол жайында бүкіл ел шулап, жар салды. Көбісі: « Мен Дүкенбай дегеннің кітабын енді оқымаймын.»,-десті. Оған ешкім ойбай оқы деп әмір бермейді де, жалынбайды да. Оқырман құқығы толықтай сақталады. Демек, оқырман қай кітаптан сусындайтынын өзі қаламақ. Алайда, айтарым: Дүкенбай мықты жазды және де еліміздің бетке ұстар жазушысы болып қала бермек. Өйткені, жоғарғы әңгімедегідей тек ақиқаттан пайда болған кітап қана өз оқырманымен мәңгілік болмақ.
Дүкенбай діннен хабары бар жазушы. Иә, иә сіздер нақпа-нақ көріп тұрсыздар, ДІННЕН ХАБАРЫ БАР. Бұл тұрғысынан оны кім сынамады, кім кінәламады?! Бәрі. Тіпті, ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі де «Дүкенбай бауырымыздың қателігі өзгелерге ғибрат болса екен» десті. Олар бұл жерде Дүкенбайды діни сауатсыз етіп отыр. Егер қаламгердің діннен сауаты болмаса ол қалайша бұл оқиғиға білек түре барды? Мұндай тәжірибесі мол, прозаның ащы-тәттісін білетін адамның бойына сіңбеген тақырыпқа баруы күлкілі емес пе? Тек Дүкенбайды жын ұрды демеңіз... Жалпы, Дүкенбай діни сауатсыз емес. Ол қателесті. Қателік жұмыр басты пендеге тән дүние ғой. Бұған орай діни сауатсыз етудің қажеті шамалы.
Дүкенбай тарихи тақырыптарға жиі барды әрі философиялық ойлардың негізінде қалам тербеген суреткер. Мұны Ғарифолла Есімнің пікіріне сүйене отырып айтып отырмын. Академик мырза былай дейді: «... Тарихтағы болған оқиғалардың психологиялық болмысы жазушылардың үлесіндегі іс. Осы міндетті Дүкең айта қаларлықтай орындап келеді. Тарихи сана – негізінде халқымыздың ел болуға деген ниетінен көрінбек, бірақ тақырыбы тарих болғанымен, жазушы бәрібір көркем шығарма жазуға міндетті, осы биік мұратты атқаруда шеберлік танытқан қаламгер – Дүкенбай Досжан.

Дүкенбайды оқуға болады, бірақ оған еруге болмайды...Әркімнің өз жолы бар дегендей...
Жазушының өмір жолы оның азды-көпті жазған шығармасымен өлшенетін болса, Д.Досжан осы күнге дейін 11 роман, 22 хикая, 100 шақты әңгіме жазыпты. Барлық әңгімелеріне оң баға бере алмаймын алмаймын...
Дүкенбайда бір кемшілік пен бір артықшылық бар...
Дүкенбайда бір кемшілік пен бір артықшылық бар...


Қандай екен?
Оның сөз саптауы қызық екен. Өзің түсініп ал дегендей жаза береді...
астарлы шындықты бағамдайды