Соңғы көрген фильм

Соңғы рет қандай фильм көрдіңіз? Тек қана атын жазып кетпей, қандай әсер қалдырды, басқаларға көруге кеңес бересіз бе, қандай баға қоясыз. Толығырақ жазсаңыз.

"Отец-молодец" деген киноны көрдім. Маған ұнады:)
Былтыр Массагеттің чатында Еркебұлан аға «Сәлем, рух»-ты көруге кеңес берген. Енді көрдім. Сосын Қол создым саған деген жапонның киносын көрдім, сөйтсем осында бар екен ғой:) Сосын, Spy kids all the time in the world ағылшынша көрдім, ұнады.
Майорды көрдім кеше. Криминал жанрын сүйетіндер көрсін
А-ға оралу. Бұрынырақта көргем, жақында тағы да бір мәрте көріп шықтым. Ұнады. Ел бекер мақтамайды ғой жалпы. Соңғы кезде әскери киноларға аңсарым ауып жүргені ))
"Последний рубеж" атты киноны көрдім, тамаша екен, әкесінің қызына деген махаббаты мен қамқорлығына риза болдым. :)
Осы жерде Ақжелең былай деп жазып еді: "Штурм белого дома - өте жақсы кино. Қатты ұнады. АҚШтағы ақ үйге шабуыл жасалып, сонда жұмысқа орналасу үшін 10-12 жасар қызымен барған Джон президент Обаманы (аты-жөні өзгертілген) аман алып шығады, оған қызының да үлкен үлесі болады". Осы кеңесті басшылыққа ала отырып, Штурм белого доманы қарап шықтым. Аса қатты әсер бере қоймады. Кейбір жерде қайшылықтар бар.
Рекомендеген нәрсем ұнамаса ренжімеңізшіі) Татумның сүйікті актерім болуының ықпалы болған шығар маған ұнағанына) "О вкусах не спорят" дейді ғой :)
"Холодное сердце"-ні көріңдер)
соңғы көрген кином "12 лет рабства "
психологиялық тұрғыдан ауыр болғанымен керемет түсірілген )))
адамның жеке бас бостандығына, еркіндігіне жететін еш дүние жоқтығына көз жеткіздім . актерлердің ойыны тамаша, әсіресе Брэд Питтікі
"Разрисованная вуаль" фильмін қарадым. Сүйікті актриам Наоми Уотспен :ugeek: