Өмір-теңіз, жүзем онда демеңіз.Ізгілікпен жасалмаса кемеңіз.

Достар айтыңдаршы, біздің неге өмір сүргіміз келеді?

Кітап үшін өмір сүрем, махаббат үшін жалғастыра берем.
мынауыңыз пиласопиялық сұрағекен, түн ортасында миым қорытпаятыр ...
Енді дүниеге келген екенбіз, өмір сүруіміз керек қой. :?
Алла Тағаланың берген нығметі - ӨМІР. Оған қарсы шыға алмағандықтан...
Алдында бір форумда талқыланған сұраққа ұқсас......Мен жеке өз басымның пікірі: "Сыналу үшін, СЫНАҚТАН ӨТУ" үшін өмір сүремін!!!
Бұл тақырыпта талқылау жүрген еді ғой, қайталаудың не қажеті бар?
өлмеген соң, өмір сүреміз де )
Өмір мен сана, ақыл-ой, адамгершілік - Алланың пендесіне берген сыйы. Ал, ақылсыз­дық, надандық пен топастық, менмендік, қанағат­сыздық, ол - Алланың пендесіне берген жазасы.

Мына өмір майданында көп пенде өз өміріне ренжіп қанағаттанбай налып, наразы болып жүреді. Неге ренжіп, неге қанағаттанбайды екен солар деп ойлаймын. Тіпті, Алла саған сол өмірді сыйламағанда қайтер ең?!

Мұқағали айтты ғой: «Қайтер едік өмірге келмегенде, көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде, төземіз ғой, қайтеміз төзбегенде, көлден там­шы бұйырмас шөлдегенде. Өлі балық жолығар өлмегенге, өл­ме­генге не жетсін, өл­ме­генге! Өмір деген осы­лай жаным менің, қай­тер едік өмірге келме­генде» - деп.

Шын сөз! Қайтер едік өмірге келмегенде?! Сондықтан да өмір өт­ке­лектерінде кез­десе­тін қандай қиыншы­лық­тар болса да төзе білу, шыдай білу керек шығар. (Сайлау БОТАБАЕВ.)
Ал Менің ойымша, өмірге не үшін келдік емес, осы Алланың берген сыйы өмірге келгеннен кейін не істеуіміз керек, нені кәсіп қылуымыз керек, нендей күй кешуіміз керек, ненің бұрыс ненің дұрыс екенін білуіміз керек деген орынды сияқты!