Шырайлы Шымқала

Шырайлы Шымқала жайлы сыр шертейік

Сәлемет болсын! Шымкент десе, әлдебір жылылық келеді жаныма ))
Шымкент Қазақстанда екінші үлкен қала, келешегі зор шұрайлы мекен, тарихы терең қала, қаншама тарихи тұлғалар жатқан қала, жап-жасыл табиғаты бар, келешекте үлкен туристерді тартатын бірден бір қаламыз, өзім Қызылордалықпын, Қазақ тілінің жақсы сақталған жері, әдебиет Қызылорда тілімен жазылады, бірақ табиғатым бар шұрайлы қалам деп мақтана алмаймын, есесіне мұнайлы аймақ, Қазақстанның әр аймағының өз ерекшелігі бар, соның ішінде Алматыны содан кейін Шымкентті мақтан етемін
Қазақстан ОҚО арқылы Қазақстан болып отыр дейтін сөзді әркім әрқалай түсініп жүр. Осы пікірге өз басым бір жағынан қосыламын, екінші жағынан қосылмаймын. Қосылатын себебім: қазақтардың тығыздығы сол, облыстың бір аулында он жеті мың тұрғын бар екен (Сарыағаш ауданы, Абай аулы). Бұл көрсеткіш солтүстік өңірлерде бір ауданның халқына барабар келеді. Ал келіспейтінім: осыншама көп Қазақ бола тұрып тілдері өзбек тілімен будандасып шұбарланып кеткен. Анайақ, мынайақты айтпағанда, бисақа, бәреңгіден бастап шаруашылық және тұрмыстық заттардың көбісі өзбек кірме сөздері.
Әркім өз жерін жамандай алмайды