Университеттегі, институттағы қызықты оқиғаларыңыз

ЖОО оқып жүріп, қандай қызықты оқиғаларға тап болдыңыз? Бірге күлейік))
Мен бастайын.
Бірінші курс, қыркүйектің бірінші күндері. Балмұздақпын. Кімнің кім екенін қайдан білейін, дәретхананың қай жерде екенін білмейтін жас бала....Сабаққа үлгермей қалам ба деп, асығып жүгіріп келем сабақ кестесі жазылған жаққа. Көзіммен группамды тауып алып, қандай сабақ, қандай мұғалім екенін қарап жатырм. Сөйтсе ВЫШМАТ мұғалім Кноль деп тұр. Жанымдағы группаласымнан: Че за ноль? деп қоям ғо, өзімше прикол ұстап. Сөйтсем, артымда тұр әлгі ноль)) :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

уахахах :lol: қатырасың Қайреке :lol: кейін өзіңді нөл ғып жіберген жоқпа әйтеуір :D

Теңге алу деген дәстүр бар еді ғой...елу беріп-жүз, кемпір беріп-қыз...
бір жолы универге кәстүм киіп бардым...әлдеқандай болып жүрдім...елдің бәрі қарады...ішімнен мыналар маған таңырқап тұр деген ой бар...сөйтсем аяғыма тәпішке киіп алыппын...мен оны аңғармаппын...бәсе, туфли іздемегенім еске түсті..оның үстіне перваш кезім-ай-ай!


:lol: :lol: :lol:
Біздің ағайдың аты "Сарқыт" болатын, екі қыз ағайдың жанына барып тойға сұранып кетіп барады, мен айғай салғанмын ғой "сарқыт ала келіндер" деп, ағай "Сәния, мен осында қалам, қыздармен бармаймын" деген :)

:lol: