Шетелдік жігіт сізге ғашық болса?

Шетелдік жігіт сізге ғашық болса?

Негізі керек емес, қазақ болғасын, қазақ жерінде қазақша сөйлеп жүргеніміз жөн
Бола берсін :|
Гашык болса бола берсин, озимнин казагымды барибир еш бир ултка айырбастамаймын
Жақсы қызды жар еткіңіз келеді.
Еліңізге келін болман, себебі:
Тау-тарихты қопарєанда болашақ
Қазақ болып қалу керек дерегім.

Бастарында болғаннан соң бостандық
Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды.
Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп,
Қазағыма жасамаймын қастандық …

Зор білекті батыр тусам, қайтемін?..
«Жар астында жасырынған» жау болар.
Дүр жүректі хакім тусам, қайтемін?..
Ел арасын алшақтатар дау болар.

Өте білгір әкім тусам, қайтемін?..
«Қарашадан дара шығып» хан болар.
Орақ тілді ақын тусам, қайтемін?..
Тамырына тартып текті жан болар.

Жез таңдайлы әнші тусам, қайтемін?..
Өнер шіркін өзге ұлтқа жолданар.
Шеберленген күйші тусам, қайтемін?..
Сатқындықтың сорақысы сол болар.

Ұрпаєымды сүйгенмен,
Ұлтым үшін күйгенде,
Белгілі ғой жұлдызымның жанбасы…
Әйел-ердің қабырєасы білгенге,
Бір қазағым «қабырғасыз» қалмасын.
Үрдің қызы күтіп жүр-ау сізді де
«Қабырғаңыз» болєасын…

Достық туын желбіретсек…
Достық сөзі киелі!
(Адал дос деп сізге басты иемін).
…Өзге ұлтта алынбаєан өшім жоқ,
Өз ұлтымды «өзгешелеу» сүйемін…
Сондықтан да, қазақ болсын күйеуім!

Гүлсара Шалқар.
Тараз
ол жағы қиын болыпты