Ластанған қалалар
Өнеркәсібі мықты дамыған қалалардың барлығы дерлік ластанған қалалардың қатарында. Химикалық қалдықтар, улы заттар қоршаған ортаға зиянын тигізіп қана қоймай, жергілікті тұрғындардың денсаулықтарына кері әсерін тигізеді.
Әкемнің бір әңгімесі есіме түсіп отыр. Чернобыль апатынан 1 жылдан соң, сол аймаққа күллі кеңес мемлекеттерден қаланы қалпына келтіру үшін жұмысқа ел-жұрт шақырылыпты. Әкеммен бірге істеген 2-3 адам сол жаққа жұмыс бабымен кетіпті. Елге оралған бойда бір кісі тері ауруына, тағы біреу обаға, үшіншісі тағы бір ауруға шалдығыпты. Радиацияның салдарынан үшеуі де көп ұзамай көз жұмыпты.
Мұның барлығы осы ластанудың салдары емес пе?! Экологиялық жағдай мені қатты толғандырады. Ауамыз ластана берсе, бара-бара не болады?!
Алматыны кейде аяп кетем.
экологиясы бойынша Ақтөбе бірінші орында тұр деген рейтингті қайдан көруге болады?