Адамның әр кезі
Сәлем, замандас-достар! Баршамызға әдемі шығармаларымен таныс Ғабит Мүсіреповты қайта оқып бастаған едім. Қысқа жазбаларының арасынан адамның әр кезі туралы жазғаны біраз ой салды. Ол былай деп жазыпты:
"...14-17 жастағы қыз - періште
14-17 жастағы ер бала - ...
17-20 қыз бала - елес
20-25-қыз - ..." Міне, бары осы ғана! Бірақ, көп нүктелер, саған талай сыр жүктелер, демекші кей кезеңдерді сол нүктелермен ғана қайырғаны қызықтырды. Іштей мен қалай ашықтар едім деп ойландым. Сіз де ойланып көріңізші, көп нүктелердің орнына қандай балама қояр едіңіз? Және неге 17-20 жастағы ер баланы жазбастан, қайтадан қыздарға өтті екен? Сіздерден ойлы, зерделі жауаптар күтемін

"Күнделік" деген кітабын оқыдыңыз ба?
Логикалық ойын немесе жұмбақ деп түсініңіз. Мақсат: жазушының көп нүкте қойған жастарына өз ойыңызбен балама табу. Мысалы, 14-17 жастағы ер бала - асау тай, дегендей
Өте қызық сұрақ! Енді өз замандастырымыз болып,өз кезеңімізге балама тапқанымыз жөн шығар дегем. Ғабекең таба алмаған (немесе жазуға батпаған) жұмбақтың жауабын біз қалай шешер едік деген ой еді.