Өз-өзіме рахмет!

Өміріңізде өзіңізге рахмет айтатын сәттер болды ма? Мысалы, қателік жасамай, оң шешім қабылдадыңыз және т. б.
Мен өмірімде қатты бір жігітті сүйдім, сол кетіп қалғанда артынан жүгірмей, соңғы рет жауабын естіп, қадірімді кетірмей, қабыл ала алғаныма рахмет айтамын. Кейін алаяқ біреумен қатты араласпай, оның қандай адам екенін білген соң оған есік жаба алғаныма рахмет айтамын. Ерінбей блог жазғаныма, ізденгеніме рахмет айтамын. 20 жасымда тұрмысқа шығып кетпей, ата-анама көмектесіп, үй салуға көмектесе алғаныма рахмет айтамын.

Сіздер ше?

Өз өзіңе рахмет айтқаның біртүрлі екен) Негізі ондай оң шешім қабылдаған сәттерімде Аллахқа шүкіршілік айтып, тәубә деймін! Өзіме емес...
Әрине, Аллаға да рахмет айтасың ғой, бірақ сол ішкі түйсігіңді тыңдай білген де өзің емессің бе?
Ай да я! дисіз ғо :D
адам жақсы бір нәрсені тындырғанда өзіне рахмет деу керек. өте дурыс-ақ. мен де өзіме-өзім көбіне рахмет айтамын, өз-өзіме рахмет демесем, кім маган рахмет дейді :?:
АДАСПАҢДАР ҚАЗАҚТАР!!! ЕҢ БІРІНШІ ЖАРАТҚАНҒА РАХМЕТ АЙТУ КЕРЕК!!!
Осы өмірге, осы отбасыға, осындай адамдардың барына жаратқаныма алғым айтамын! Сүрінсем де, бірнеше мәрте қайта тұрып, жүгіргеніме рахмет айтамын!