Анимелесейік

Аниме жанры бұл күнде үлкен танымалдылыққа ие. Өз басым аниме көрсем, беу балалық шақты еске түсіремін. Себебі, менің алғашқы көрген анимем «Сэйлор Мун» (Sailor Moon) болатын. 2 жыл қатарынан көріп, тіпті, қуыршақтарын жинаған сәттерім болған.

Ал сіздің сүйікті анимеңіз қандай? Бұл жанр жайлы не айтар едіңіз?

Нарутанын астарында да терең ой жатыр, бличте жаксы анимеге жатады деп ойлаймын. Бличтың бүкіл сериясын көргем енді жалғасын күтіп журмін ;) .
"Кэнди мен Эниді" көргем бала кезімде, жылап, жүрегім ауыратын қыздар үшін. Мамам екеуміз көретінбіз. Бірақ қазір көп жері есімде қалмапты. Сосын "Сейлормун" көрдік, сәл есейе келе көргенім "Үйеңкі қалашық" болды (аниме ғой, иә?). Болды, тұрақты түрде басқа аниме көрген емеспін, бірақ кейіпкерлерінің сырт келбеті ұнайды. Ұялы телефонымның бетіне жиі аниме кейіпкерлерінің суреттерін қоятынмын кім екенін білмесем де. Мына көк бұрымды қызды да танымаймын, бірақ жаныма ерекше жақын, аватар ретінде жиі қолданам, яғни, аниме, манго кейіпкерлері менің көңіл-күйіме жақсы әсер етеді.
Сейлормун зе бэст қой
Аниме-менің көп уақытым аниме көрумен кетеді,кішкене кезімде "Медаботтар" деген анимеден бастадым.Қатты унайды,қазір көрейін десем тек ағылшынша ғана.Ал қазір не көп аниме көп,мен анименің салынуына және сюжетіне қарай ұнатамын."Наруто"-мағынасы өте зор аниме,достыққа,шыдамдылыққа шақырады.Тағы да ұнайтын анимелер көп...