Анимелесейік
Аниме жанры бұл күнде үлкен танымалдылыққа ие. Өз басым аниме көрсем, беу балалық шақты еске түсіремін. Себебі, менің алғашқы көрген анимем «Сэйлор Мун» (Sailor Moon) болатын. 2 жыл қатарынан көріп, тіпті, қуыршақтарын жинаған сәттерім болған.
Ал сіздің сүйікті анимеңіз қандай? Бұл жанр жайлы не айтар едіңіз?
Бұл форматтағы анимелердің ішінен ең ұнайтыны шашы ұзын қыз туралы
Бұл форматтағы анимелердің ішінен ең ұнайтыны шашы ұзын қыз туралы
Рапунцель ғо))) Дисней, Пиксар, Дримуоркстын қай қай туындысы да шедевр ғой! эх біздің Қазақстанда қашан сондай сапада, дәрежеде анимациялар түсіріледі екен? Арзанқол, әуесқойлардың түсірген Алдар Көсесі сияқты емес

Қателеспесем, қазір "Ертөстік" түсіріліп жатыр. Кейбір кадрларын көргенім бар. Меніңше, жаман емес
ТД-дан аранйы хабар болған осы тақырыпқа байланысты. Сол жақтан көрдім
ТД-дағы хабармен қатар, мен ол туралы журналдан оқыдым. Анименің продюсері Рустам Туралиев
Анименің не бір керемет туындылары бізде әлі де көрерменін таба алмай жүр. Батыс студиялары мультфильмдерін жасағанда бір туындыға бір ой деген принципті ұстанатын секілді. Кейде сол бір тал ойдың өзіне зар боласың. Ал шығыс анимациясында астарлы ой да, ұтымды образдар да, есте қалатын кейіпкерлер де бар. Анименің бәрі керемет деуден аулақпын, 90 пайызы көрген замат еш өкінбестен өшіріп тастауға болатын сериалдар. Бірақ мен анимені сол қалған 10 пайызы үшін көрем.