Чемпиондар Лигасы
Армияшыларға шын риза болдым! Реалдан қорықпай ашық футбол ойнау әр команданын қолынан келе бермейді! Екінші таймда Слуцкийдің шабуылды күшейтетін ойыншылар шығарып оңтайлы шешім қабылдағанында атап өту керек! Негізі орыстар осы сезонда жақсы футбол корсетіп жатыр әзірше. Зениттін Бенфикаға соққан голын шедевр деп айтуға болады
мен осылай болғанын қалар едім. Бірақ УЕФА басшылары бір елдің командаларын бір-бірімен жолықтырып қоятын шығар... Біріншіден, төрт керемет классико куәгері боламыз. Өйткені Бавария-Боруссия, Барса-Реал ең-ең принципиальный қарсыластар. Екіншіден финал бір елдікі болмайды, яғни тек испан финалы немесе неміс финалы болу мүмкіндігі жоқ болады. Сол үшін, қазіргі сәттегі Европадағы ЕҢ мықты 2 елдің 2 футбол командасы өзара мықтыны анықтайды.
Бірақ кім біледі, былтырғы жеребиде Реал мен Барсаны тек финалда ғана жолығыса алатындай қылып екі жаққа жіберіп тастап еді ғой. Сол кезде елдің бәрі шулаған еді, испан финалы болады деп... Не десек те уақыт көрсетеді