Чемпиондар Лигасы

Армияшыларға шын риза болдым! Реалдан қорықпай ашық футбол ойнау әр команданын қолынан келе бермейді! Екінші таймда Слуцкийдің шабуылды күшейтетін ойыншылар шығарып оңтайлы шешім қабылдағанында атап өту керек! Негізі орыстар осы сезонда жақсы футбол корсетіп жатыр әзірше. Зениттін Бенфикаға соққан голын шедевр деп айтуға болады

Маған қона беріңдер)барып көрейік та)жеребьевка так себе шыны керек, қызығырақ та бола алар еді
Реал-Галатасарай. Бұл екі команданың тартысы өте қызықты болатынына сенімдімін. Өйткені түріктер қызуқанды, мотивация деген жетеді. Сонау 2001 жылы өз алаңында түріктер Реалды 3-2 есебімен жеңген. Реалдың шығатынына еш күмәнім жоқ, бірақ сонда да керемет матчтың болатынына сенемін. Әрі ЧЛ екі бомбардирі кездесейін деп отыр)
Барса-ПСЖ. Өзім ПСЖ ойындарын көрмеппін, бірақ көрген адамдар айтады, жақсы ұйымдастырылған команда деп. Шыныменде составына қарасаң бәрі мықты ойыншылар. Әрі Златанның қайтарар есесі бар Барселонадан. Бұл да қызықты матч болады деген үміттемін.
Малага-Дортмунд. . Бұл екі команда да жас командалар. Боруссия 2 жыл қатарынан евролигада сәтсіз ойнағандықтан осы жолы басты назарды осы жаққа бұрды. Тіпті көптеген эксперттер бұл команданы көлеңкедегі фаворит дейді. Менде келісемін. Жас таланттар Ройс пен Гетце связкасы кез келген қорғанысты шаршататыны сөзсіз. Ал Левандовскийге сэр Алекстің көзі бекерден түсіп жүрген жоқ. Ал Малага өз тарихында бірінші рет ЧЛ қатысып, бірден ширек финалға жеткендігі әрине сенсация. Азулы қарсылас кездеспей, 1/4 финалға жеткендігі бір шетінен сәттіліктің арқасы деп ойлаймын. Бұл жүпта сөз жоқ, Дортмунд фаворит.
Ювентус-Бавария. Ең "непредсказуемый" жұп. Себебін жоғарыда жаздым. Ал менің қалаған жұптарым мыналар еді.

Барса-Реал. (айтпаса да түсінікті матч)
Юве-Дортмунд (1996 жылы шатаспасам Боруссия финалда дәл осы Ювентусты жеңген. Ең тартысты кездесу болар еді)
Бавария-Галатасарай
ПСЖ-Малага
Мен де Барса мен Реалдың ойының қалаған едім) Галатасарай Баварияны жеңіп кете алушы да еді))
Қалай ойлайсыңдар, Уэмблиде финал немісше болама, әлде испанша болама?
Қалай ойлайсыңдар, Уэмблиде финал немісше болама, әлде испанша болама?

Қазақша болад та
хехе)соған үміттеніп отырсыз ғой?)
Әрине, неміс футболының жанкүйері ретінде үміттенетінім анық. Бірақ УЕФА олай жасамайды. Егерде Бавария, Дортмунд, Барса, Реал келесі кезеңге өтсе, бір елдің командаларын жартылайфиналда жолықтырып қояды. Егер Бавария Ювентусты өткен жағдайда, финалда екі елдің командасы болады деп ойлаймын. Бірақ кім біледі, былтырғы жылы елдің бәрі финалда Реал-Барса болады деп шулап еді бір ауыздан, не болды? Жыл сайын сондай күтпеген нәтижелер болып тұрады. Доп домалақ)
Иә, қалай ойласақ та, артынан басқаша болып шығады)
Алдын ала көріпкелдік жасауға болмайды деген сөз
Алдын ала көріпкелдік жасауға болмайды деген сөз

Ерке қыз, барамыз ба футбол көруге?)