Чемпиондар Лигасы

Армияшыларға шын риза болдым! Реалдан қорықпай ашық футбол ойнау әр команданын қолынан келе бермейді! Екінші таймда Слуцкийдің шабуылды күшейтетін ойыншылар шығарып оңтайлы шешім қабылдағанында атап өту керек! Негізі орыстар осы сезонда жақсы футбол корсетіп жатыр әзірше. Зениттін Бенфикаға соққан голын шедевр деп айтуға болады

Кешегі ойындарды талқылайық? Бавария қуантты))

Талқыласқың кеп тұр ма? Кел онда талқыласайық :D

Ия, Рибери жестко ойнады, оны ақтамаймын. Бірақ соған дейін Видальдың қалай ойнағанын еске түсіріп керегі жоқ шығар. Видаль бұрын Байерде жүргенде жақсы ойыншы еді, тіпті Бавария сатып алмақшы болғанда Байердің басшылары сатпай қойған. Италияға келіп бұзылыпты. Жалпы итальяндықтар кеше "грязно" ойнады.
Ал Ювентустың тиісті деңгейде ойнайалмауының себебі, Баварияның мықтылығында. Пирлоның "қол-аяғын байлап" тастады. Қалайша? Былайша: Ювентустың "миы" Пирлоға жеке күзетші қоймады. Ол доп алған сәтте оған прессинг жасап допты тартып алуға тырысты, ал пас берейін десе алдыдағы ойыншылардың ешқайсысында еркіндік болмады. Бұл Юпп қарияның тәжірибелілігінде. Ювенің ойындарын әбден талқылап, зерттеген. ЕУРО-да Лев Пирлоға жеке күзетші қоямын деп опық жеген еді. Бастысы сол қателікті қайталамады. Әйтпесе итальяндықтар қашанда немістер үшін ең ыңғайыссыз қарсылас болған.

Бавария жаттықтырушысы Гамбург пен болған ойынна кейін Юве мен бірге ұйықтап Ювемен бірге ояндым депті ғой комментаторлар солай деді ғой Ювені әбден зеріттеген екен да
Ия, Юпп қария "кәрі сеньорамен" бірге уйқтап бірге тұрдым дегені рас. Оған дәлел Тимощуктың сөзі. Оның айтуы бойынша, биылғы маусымда осыған дейін еш қарсыластың ойынын дәл осылай зерттеп талықламаған. Ия Видаль өз жазасын алды, бірақ төреші сары қағазды Рибериге қарсы дөрекі ойнағаны үшін емес, қолмен ойнағаны үшін ғана берді. Соған қарап Видаль ойлаған болуы керек, маған бәрі болады деп. Негізі сол сары қағазды бірінші таймда-ақ көрсету керек еді Артуроға. Дөрекі ойнағаны рас Риберидің де. Бірақ егер Видаль Рибериге соншалық дөрекі ойнамағанда Рибериде Видальдың аяғын солай теппес те еді.
Ал кешегі ойындар онша қызық болмады) Реал жақсы ойнады енді...
Ал кешегі ойындар онша қызық болмады) Реал жақсы ойнады енді...

HALA MADRID Реал жәй әншейін ойнады біраз күш салып ойнағанда есеп 3-0ден де ірі болар еді 3голдан кейін мүлдем ойнамай қалды Туркияның Барселонасы өзінің үлкен ойындарға әлі дайын емес екенін көрсетті деп ойлаймы, Рамос пен Алонсо сары қағаз алды келесі қарымта ойынға қатыса алмайды ол екеуі де әдейі алды енді Реал 1/2 шықса ол екеуі де 1/2 таза шығады бұл Жозенің тактикасы осыдан 2-3 жыл бұрын да солай істеген еді Аякспен ойнағанда ол кезде де ойынның соңында Жозе Рамосқа бірдеңе айтады Рамос ойынды созады сөйтіп қызыл қағаз алады әдемі айла тәсіл браво Жозе
Ал екінші ойынды көрмедім 0-0 болыпты ғой
Ал кешегі ойындар онша қызық болмады) Реал жақсы ойнады енді...

Кешегі ойындарды көрсетпеді... (( Бүгін обзорын қарап шықтым, Боруссия Малага ойынында керемет моменттер болған екен, реализация жетіспепті. Негізі бұл жолғы ширек финалдың алғашқы ойындарында сюрпрайз бола қоймады. ПСЖ-дан күтеміз енді сенсацияны. ПСЖ ғана жасайды бір жасаса, өйткені Барса Мессиден айырылды
Рубин жеңілді Бердыевке обал болды тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр еді бірақ мықтының аты мықты деген Челси не дегенмен мықты ойыншылардан құралған топ командалардың бірі
Әйяйяйяйй, кеше керемет ойындар болыпты ғой. Көрмей ұйықтап қалғаныма өкініп отырмын
Әйяйяйяйй, кеше керемет ойындар болыпты ғой. Көрмей ұйықтап қалғаныма өкініп отырмын

Қызық болды расында) қазір қарап отырмын
тағы да бір ұйқысыз түн артта қалды екі матчта супер ойындар болды ғой Малага шығып тұрып ұтылып қалды Хоакиннің 3 гол салатын мүмкіндігі болды тек оның 1 ғана пайдалана алды Хоакин,менде Пелегрини бапкерде сенімді болғанбыз 1/2шығатына Малаганың 2-ші голынан кейін бірақ ойындың соңында Боруссия керемет ойнады қатарынан 2 гол салып 1/2-ге шықты осы ойындағы эмоцияларды айтып жеткізу мүмкін емес
Түріктер өз алаңында керемет ойнады деп айтуға келмейді бірақ тәп-тәуір ойын көрсетті содан соң Реал еркінсіп 3 гол алды түріктерден Реалдықтар бірінші ойынның құрбаны болды десем қателеспеймін ойынның соңына қарай түріктер камбэк істеуге тырысты бірақ Реалдың аты Реал ойынның соңында КриРо матчтағы екінші голын салды осылай есеп түріктердің пайдасына 3-2 болып аяқталды