Чемпиондар Лигасы
Армияшыларға шын риза болдым! Реалдан қорықпай ашық футбол ойнау әр команданын қолынан келе бермейді! Екінші таймда Слуцкийдің шабуылды күшейтетін ойыншылар шығарып оңтайлы шешім қабылдағанында атап өту керек! Негізі орыстар осы сезонда жақсы футбол корсетіп жатыр әзірше. Зениттін Бенфикаға соққан голын шедевр деп айтуға болады
"МЮ" мадридтік "Реалдан" өтеді. Бірақ тарихқа қарасақ басқаша дейді. Дегенмен осы жолы мен "Қызық сойқандар" өиеді деген сенемін. Ал "Милан"-"Барса" арасында, каталондықтар келесі кезеңге өтеді. Өйткені, "Миланның" қазір бағы да бабы да келіспей тұр. Ал үшінші мега жұп деп кімді айтқаныңызды білмедім. Галатасарай меен ШАльке арасындағы кездесу қызықсыз болуы мүмкін. Қалгандарының барлыгы да мықты. Ааа, "Арсенал"-"Баварияны" айтқан шығарсыз ия. Онда бұл жұпта "Бавария" мықты. Немістер өтетін шығар
"МЮ" мадридтік "Реалдан" өтеді. Бірақ тарихқа қарасақ басқаша дейді. Дегенмен осы жолы мен "Қызық сойқандар" өтеді деген сенемін. Ал "Милан"-"Барса" арасында, каталондықтар келесі кезеңге өтеді. Өйткені, "Миланның" қазір бағы да бабы да келіспей тұр. Ал үшінші мега жұп деп кімді айтқаныңызды білмедім. Галатасарай меен ШАльке арасындағы кездесу қызықсыз болуы мүмкін. Қалгандарының барлыгы да мықты. Ааа, "Арсенал"-"Баварияны" айтқан шығарсыз ия. Онда бұл жұпта "Бавария" мықты. Немістер өтетін шығар
негізі қай-қай ойын болсада өте тартысты болайын деп тұр!
Мысалға Шахтер мен Дортмунд! Екі команда да сауатты ойындарының арқасында қиын топтан шығып отыр. Ойын философиялары да бір-біріне нағыз лайық!
Селтик пен Юве де мықты ойын боп қалады. Селтиктің ойыншылары өздерінің қызуқанды фанаттарының алдында өліп жатсада жеңуге тырысады.
Шальке мен Галатасарай. Шальке бундеслиганы жақсы бастағанмен, соңғы турларда сәтсіз ойын көрсетіп, тіпті тренерін қуып жіберді, жақсы тренер таппаса, атышулы түрік фанаттарының алдында жер шұқып қалары анық.
ПСЖ-Валенсия. Жарқанаттардың алар асуы осы кезеңғана болады.
Малага-Порту. Бұл да бір біріне лайық, деңгейлес команда! Малага ешқашан ЧЛ қатыспаса да өздерінің ойынымен осы турнирдің жаңалықтарының бірі болды.
Ал топ-жұптарға келсем, РМ-МЮ. 50/50 дер едім. Тарих ештеме шешпейді. Оның бәрі өтті-кетті. Ия, қазіргі Реалдың жағдайы мәз емес. бірақ ақпан айына дейін Маур бапкер бәрін орнына келтіреді деп ойлаймын. Ол әккі, өз ісінің нағыз шебері. Ал МЮ шабуыл линиясы мықты болғанмен қорғанысы дұрыс емес. Көп гол жіберіп жүр.
Барса-Милан. бұл жерде айтпаса да түсінікті.
Бавария-Арсенал. Арсенал әлі күнге өз ойынын таппай келеді. Ал Бавария маусым басталғалы бірқалыпты, өзіне тән ойын көрсетіп келеді. Бірақ ол өзінің 2 орталық қорғаушысынан айырылып отыр, Боатенг 1/8 финалдың 2 матчынанда аластатылды, ал Бадштубер маусым соңына дейін жарақат алды. Бірақ бундеслиганың ең үздік орталық қорғаушысы Данте мен тәжірибелі Ван Бюйтен уолкоттар мен Жируларға сәтті тосқауыл бола алады деп ойлаймын!
РМ-МЮ --> РМ
Бавария-Арсенал --> Бавария
Барса-Милан --> Барса
Шахтер-Дротмунд --> Дортмунд
Шальке-Галатасарай --> Шальке
Юве-Селтик --> Юве
ПСЖ-Валенсия --> ПСЖ
Малага-Порту --> Малага
Қазіргі Реалдан, ия өтеді! Бірақ 1,5 айдан сон командалар қандай күйде боларын кім білсін...
ол жағын 1/8 финал біткен соң жорамалдай жатармыз! әлі жеребьевка болмай жатып сенде айта береді екенсің!