Жігітіңізге киінгеніңіз ұнамаса...

Жігітіңізге киінгеніңіз ұнамаса, өзгеруге дайынсыз ба? Жігіттердің қысқа киме, ұзын киме дейтін "каприз", тыйымдары бар ғой...

Оған айтқызбау, дені дұрыс киінгеніміз жөн болар...
Кейде айтатыны бар, орынды сын болса, құлақ асам, бірақ көбіне оның айтқан сөздеріне мән берем. Оған ұнамайтын киімді екінші мәрте кимеуге тырысам.
Жігіттердің өйтпе, былай жасама сынды ескертулерін онша көтере алмаймын. Меніңше, бір индивид екінші индивидке доминанттылық танытпағаны жөн. Әрине, бұл ашық-шашық киінемін, өзім білемін деген сөз емес.