Біреуді қатты ренжітіп көрдің бе?
Ойымдағыны айтамын деп, артынша қатты өкінемін. Біреуді ренжітіп алсам, өзімді қоярға жер таппай жүремін. Ал сен ше? Біреуді қатты ренжіткен сәтің болды ма?
Ия, өз ойымды айтамын деп досымды ренжіткен едім... Қазір қалай кешірім сұрарымды білмей жүрмін...
Әрине, бір кездерде құрбымды ренжіткенде, көңіл-күйім болмап еді, тым асырып жібергендей болдым, бірақ, Құдайға шүкір құрбым кешірімді...
Қатты ренжіткен кезім болды. Бірақ ол әрекет өзімді қорғау ғана болатын...