Ең жақын құрбыңыз туралы айтып беріңізші
Ең жақын құрбыңыз туралы айтып беріңізші
Менің жақын 3 досым бар. 1-ші досымның достығымызға биыл 6 жыл, екінші досыма 5 жыл және үшінші досыма да 5 жыл болды. Үшеуі де өте адал, адамдарды сөз қылып, өсек-аянды жаюды жек көреді, сонысы маған ұнайды, ушеулерін бөліп жарғым келмейді, олар мен үшін - қымбат. Күнде маған телефон шалып тұрады, заттарын аямай беріп отырады, туған күніме бір емес бірнеше сыйлық сыйлайды, сырларымды тек оларға айтамын, олар да мені қатты жақсы көреді, менің көңіл-күйімді мақтаумен көтереді, менің орныма бір нәрсені білдіртпей жасай салады, әрине ұрысып қалатын кездер де болады, максимум 3 күн сөйлеспей қаламыз. Оларды жақсы көремін, көмек ұшын беруге дайын. Олардан үлгі аламын. Олар жай ғана мен үшін - ЖАҚЫН ДОСТАР.