Қиналған кезде жылағанды жақсы көресіз бе?
Жылап жеңілдеп қаласың дейді, кейді тіпті жылап отырған кезде жаныңда бір адам болсын дейді... Жиі жылайсыз ба?
Жоқ, бірақ адамның ішінде уайым-қайғы көп болса жылап алуды жөн көремін, кішкентай кезімде көп жылайтынмын, расымен, жалғыз қалып жылаған адамға ауыр тиеді, айтпақшы кішкентай кезінде көп жылаған - пайда. Дауысын жақсы болады, адамдарға жағымды естіледі, және дауысын қатты болады. Тек бір нәрседен айырылуың мүмкін, бұл - көз. Көзін жылаған сайын көру қабілеті нашарланады, содан байқап жүріңіз дегенім ғой.
Жылауықпын. Сәл қиыншылық болса, жылап қаламын. Досым осының бәрі еркеліктен дейді )))
Жабырқағанымда, қуанғанымда, жылағым келген кезде судың, фонтанның жанына барып отырғанды ұнатамын... Негативті энергияның барлығын да суырып алатын сияқты...