Дорамалардан сүйікті әндер

Дорамадағы саундтректер жайлы әңгімелесейік. Қандай ән ұнайды? Қайсын әлі күнге дейін тыңдап жүрсіз?

[youtube:3qkzirb1]http://www.youtube.com/watch?v=Tm63LmoS9L4[/youtube:3qkzirb1]
Хён Бин "That man/Сол бір жан" - "Сырлы бақ" сериалынан.
ДжэйБи мен ДжинУн "Beautiful dance/Тартымды би" - "Арманшылдар 2".
ЫнДжон "Can't stop/Ешкім тоқтата алмайды" - "Арманшылдар 1".
АйЮ, ТэкЁн, УЁн, Ким СуХён "Genie/Кез келген тілегіңді орындаймын" - Арманшылдар 1.
Пак ШинХе "Without word/Үнсіз ғана" - "Сен кереметсің".
Джан ГынСок "My bus/Менің автобусым" - "Мэри түнімен қайда болған?".
Әзірге еске түскендері осы боп тұр... Сосын "Ғашықтар/Lоvеrs" дорамасындағы екі ост қатты ұнайды, бірақ кім айтатынын нақты білмеймін, бірақ енді керемет, сериалды бір жыл бұрын көрсем, әндерді содан бері жақсы көрем және тыңдап келем...
Корей сериалындағы осттардың видеосын салып жылдың ең үздік остін анықтайық. Мен мына жерге осттардың видеосын саламын. Осы жердегі осттар ұнаса дауыс беріңіздер! Ал егер мына жердегілер ұнамаса өздеріңізге ұнайтын осттарды салыңыз!
[youtube:lyh8m8t7]http://www.youtube.com/watch?v=MotrVnKAfPI&feature=related[/youtube:lyh8m8t7]

[youtube:lyh8m8t7]http://www.youtube.com/watch?v=m24D5Haz32w [/youtube:lyh8m8t7]

[youtube:lyh8m8t7]http://www.youtube.com/watch?v=sWARSZkmirA [/youtube:lyh8m8t7]

[youtube:lyh8m8t7]http://www.youtube.com/watch?v=Wghmro8aYIU&feature=related[/youtube:lyh8m8t7]

[youtube:lyh8m8t7]http://www.youtube.com/watch?v=JTfYmOwgpfY [/youtube:lyh8m8t7]

[youtube:lyh8m8t7]http://www.youtube.com/watch?v=a1426z9ybPo [/youtube:lyh8m8t7]

[youtube:lyh8m8t7]http://www.youtube.com/watch?v=mErd9fiWSnc&feature=related[/youtube:lyh8m8t7]

[youtube:lyh8m8t7]http://www.youtube.com/watch?v=hrFVd5VouPE [/youtube:lyh8m8t7]

[youtube:lyh8m8t7]http://www.youtube.com/watch?v=eyc9JxwX3oo [/youtube:lyh8m8t7]
[youtube:2eeblb1o]http://www.youtube.com/watch?v=tbNIN2Tu6m4 [/youtube:2eeblb1o]

[youtube:2eeblb1o]http://www.youtube.com/watch?v=V4zw3df3Bpw [/youtube:2eeblb1o]
Boys over flowers "Because I am stuped" , " Something happened with my heart"
Beethoven virus "Passion"
Bad guy "Thorn flower"
A love to kill "Dream"
You are beautiful "Promise"
ойыма тускендері осы
Бағана мына тақырыпқа көзім түсіп, өзіме ұнаған әндерді ойлай бастадым. Мен "Жігіттің сабаздары" сериалын елдер жаппай фанат болып жатқан кезде, яғни елдің соңы болып бір-ақ көрдім. Оған дейін біртүрлі тартпай жүрді. Көрген соң да фанат болып кеттім деп айта алмаймын, жалпы сериал ұнады. Ал ең ұнағаны Чан Дидің фортепианода ойнаған әні болды. Ол кезде қазіргідей жаппай аудару жоқ, ал сол әнді қатты аударғым келді. Интернетте тек ағылшынша аудармасы бар, оның өзінде бірінші куплеті ғана. Алдында блогыма сол бір куплетті шамалап аударып қойғанмын. Ал "Массагетте" толық аудармасы шығуын қаладым. Интернеттен корей тілінде әннің толық текстін тауып алдым да, Кореяда тұратын бір жігітке өтініш жасадым, тым құрыса шамалап аударып берші деп. Сөйтіп ол маған екінші куплетін аударып берді. Ал бірінші куплетін нақышына келтіріп Ақнұр аударды.
Жалпы ән сөздері өте қарапайым болғанымен, сазды әуені адамды баурап алады. Әуеннің өзінде тұнып тұрған сағыныш, мұң сезіледі. Саксафонның өзін қалай керемет пайдаланған. Және бұл ескі ән болғанымен Хоран деген әнші нақышына келтіріп, орындаған. Бір сәт осы әнді еске ала отырыңыздар :)

[youtube:w05u2t50]http://www.youtube.com/watch?v=QXG6vANLSS4[/youtube:w05u2t50]
Былтыр жазда біраз көңіл-хошым болмай, қиын кезеңдерді бастан кешірген едім. Болады ғой, адамның кейбір кездері... өзіңе деген сенім жоғалып бара жатқандай, қайда барамын, не істеймін, алдың тұман болып тұрғандай сәттер. Осы кезде Айдана маған "Арманшылдар" сериалы әнінің аудармасын жіберді. Әнді өңдеп отырып, біртүрлі рухтана бастадым. Ал кейін нәтижесін көргенде тіптен рухым биіктеп, өзіме сенім арта бастады. Бұл нағыз терапия дер едім. Осы тұрғыда корей сериалдары ұнайды. Олар әрдайым өзің сеніп, алға жетелеп, әрдайым жақсылыққа ұмтыл деп насихаттайды. Қазір де осы әнді еске алып, талай асуларды бағындыруға рухтанып отырғаным :)

[youtube:17m2ssud]http://www.youtube.com/watch?v=gxJzjRXz7i4[/youtube:17m2ssud]
Қазақстан арнасынан күндізгі уақытта көп сериалы корей сериалдарын көрсетеді. Және оны көптеген қазақ көрермендері тамашалайды. Қазақ тілінде ол сериалдар жайлы ақпарат іздейтіндер көп. Бір жылдары "Менің ұлдарым" атты корей сериалы хит болып еді. Күніне жүздеген адам сол сериал жайлы блогыма іздеп келетін. Бірақ мен ол уақытта жұмыста болатындықтан көп мағлұмат бере алмаймын. Сол сияқты "Махаббатқа сенемін" атты корей сериалы жақсы танымал болды. Ол жайлы барынша интернеттен ақпарат тауып, іздеген адамға пайдалы болсын деген ниетім болған. Осылай Пак Хва Епидің әніне осы сериалға орындаған әніне тап болдым. Ән маған қатты ұнады. Осылай тағы да, корей тілін білетін досыма хабарласып, аударуға өтініш жасадым. Аударманы алған соң әннен біраз көңілім қалды. Сөздері мен үшін тым қарапайым болып шықты. Бірақ бәрібір әуені тамаша. Сериалды көрген, ол жайлы ақпарат іздеген адамдарға да осы аудармамыз пайдалы болды деп үміттенемін.

[youtube:1o05y3iw]http://www.youtube.com/watch?v=XnKJnO7LTUQ[/youtube:1o05y3iw]
"Хон Гиль Дон" дорамасын мен Чжан Гын Сок үшін тамашалағам. Қазір ойласам, 20 серия бойы тек мыжу екен ғой :D Жалпы, сериалда ұнағандар "If" әні, Чжан Гын Сок және "Гиль Дон-а, ай лап ю!" деген фраза болды :D Енді сүйікті әнімді қалай аудартпай қоймасқа))))

[youtube:swiqz5wl]http://www.youtube.com/watch?v=Igvdy_hiEsU[/youtube:swiqz5wl]