Қыз баланың ата-анасына көмектесіп барып тұрмыс құруы?

Қыз баланың ата-анасына көмектесіп барып үйленгені дұрыс па? Өзім олардың жағдайын ойдағыдай жасаған соң ғана үйленгім келеді...

үйлену емес, тұрмысқа шығу деп айтыңыздаршы, өтініш... үйлену деп қате айтудан бастап, өздерін жігттердің орнына қойғысы келетін тәрізді, отбасымның жағдайын жасасам деулеріне қарағанда) әйел мен ерге екі түрлі миссия артылған әу баста. Қыз баланың текті жерге келін болып, барған жерін бақытты етіп, туған үйіне, алған тәрбиесіне кір келтірмей, шыққан елін мақтатып отырса - миссиясының орындалғаны, ата-анасының алдындағы қарыздың өтелуі де сол деп білем.
Оқу бітіріп, 1-2 жыл жұмыс істеп ата-анасына көмектесіп барып тұрмысқа шыққан жөн.
үйлену емес, тұрмысқа шығу деп айтыңыздаршы, өтініш... үйлену деп қате айтудан бастап, өздерін жігттердің орнына қойғысы келетін тәрізді, отбасымның жағдайын жасасам деулеріне қарағанда) әйел мен ерге екі түрлі миссия артылған әу баста. Қыз баланың текті жерге келін болып, барған жерін бақытты етіп, туған үйіне, алған тәрбиесіне кір келтірмей, шыққан елін мақтатып отырса - миссиясының орындалғаны, ата-анасының алдындағы қарыздың өтелуі де сол деп білем.

Ой, рас, сол дүниені әлі күнге дейін шатастырамын...
Қыз бала жат жұрттық болғандықтан, үйіне қонақ болғанының өзі де жеткілікті сияқты...