Ноутбук таңдағанда неге аса мән беру керек?
Ноутбук сатып алғанда қалай таңдау керек? Сыртынан қарасаң бәрі бірдей сияқты. Бірақ бағалары әртүрлі. Конфигурациясы қандай болуы керек?
Ноутбук сатып алғанда қалай таңдау керек? Сыртынан қарасаң бәрі бірдей сияқты. Бірақ бағалары әртүрлі. Конфигурациясы қандай болуы керек?
Иә, аккумуляторды "жаттықтырып" алу маңызды шаруа, ерінбеей істеп алу керек
Токқа ноутты мына жағдайларда міндетті түрде қосылып отырып істеу керек - видео көргенде, жазғанда, программалар орнату кезінде, интернеттен обновление жасау кезінде, хосттағы сайт, блогыңды жаңалау кезінде, жалпы өте жауапты және токты көп жейтін операциялар кезінде. Мұндай кезде аккумулятор тез отырып қалады да, іс шала болады, ноуттың операциялық жүйесі де кейде істен шығуы мүмкін - "өлім экранына" (көкпеңбек экран!) жетіп құлауы әбден мүмкін.
Ал жалпы анда-санда (аптасына бір рет мысалы) жоғарыда айтқан калибровканы (толық разрядка, артынша толық зарядка) ерінбееей ;=)) жасап тұрған өте пайдалы. Бұл аккумулятордың (батареяның) "денсаулығына" өте пайдалы гимнастика:)))
Разрядка кезінде әрине токтан ажырап отырып істеу керек!
Тағы бір кішкене мәселе -
Ноутбук аларда оның экранын (матрицасын) мұқият тексеріп алу керек. Оның істен шыққан нүктелері, жолдары болуы әбден мүмкін. Жақсылап, жан-жағынан, ұзағырақтан қараған кезде экранда ақшыл, ақ нүктелер не жолдар білінеді. Бұл экрранда графика айқын көрінбейді деген сөз. Сондай-ақ, экранға абайлап қараған кезде ол шаң басқандай, бұлыңғырлау (мутный) көрінсе, ол бұрын істетілген болуы немесе видеожүйенің ақауы бар екенінің белгісі. Видеоадаптер әлсіз болуы, фильм, ойындарды тартпай қалуы мүмкін.
Экран матовый не глянцевый болады. Глянцевый - жылтыр, "қояндарды" (блик) көзге ұрып ойнайды, матовый - блик бермейді. Ұнағанын аласың.