Мерекелерге "Шетелдік жұлдыздарды" шақыруына қалай қарайсыз?
Елімізде өтетін мерекелік іс-шараларға Шетелдік жұлдыздарды шақыру әдетке айналып кетті. Соның бірі жақында өткен "Астана күніне" орай ұйымдастырылған концертке Akon есімді әнші шақырылған болатын. Қыйт етсе, сынай жөнелетін қазағымыз өз ұлтымыздың өкілдері сахнаға ерсі қылықпен шықса "қазақтығымызға кір келтірді, қасиетті сахнамызды ластады" деп шығады.. Ал шетелдік әншілерімізге неге шан жуытпаймыз? Сол мерекеде Akon-ның көрермендердің үстіне өзі ішкен суды төгіп, әр кімнің мойынына бір мініп, төбемізге секіргенін өздеріңізде көрген боларсыздар. Жалпы,неге қазақтар "шетел жұлдызын" шақыруға құмармыз? Өзімізде де небір талантты әншілеріміз бар. Соларды неге шақырмасқа? Сіздердің пікірлеріңіз қандай?
(Бірақ, мына жерде бәріміз көсіліп пікір жазғанымызбен ештеңе өзгере қоймас)
Тек, тепе-теңдік керек. Тек қана солар билеп алмасын сахнамызды, олардан бір кем емес мақтан тұтар әншілеріміз баршылық. Бәрін де шақырып, бәріне тең гонорар төленсін!!!
Тек, тепе-теңдік керек. Тек қана солар билеп алмасын сахнамызды, олардан бір кем емес мақтан тұтар әншілеріміз баршылық. Бәрін де шақырып, бәріне тең гонорар төленсін!!!
Жарайды, шақыруын шақырсын, бірақ, киелі сахнамызды сыйласа екен