Өз шығармашылығым

Ағамнан қатты ұрс естігенде туындаған бір өлеңім бар еді,қәзір сол есіме түсіп отыр соны назарларыңызға ұсынасам!
Өмір
Тығылып мен отырмын бір бұрышта,
Білмеймін,осы қылық бұл дұрыспа?
Қараңғыдан немесе жаудан емес,
Шалыс қадам адамға опа бермес.


Жақын жанның көңіліне қаяу салдым,
Қадамымды қайтейін шалыс бастым.
Болады екен өмірде бәрі қас-қағым,
Түнектенді енді міне жан-жағым.


Бақыттыда шығармын өзгелерден,
Сынады мені тағдыр бірге өзгемен.
Мақсатым көп жетер әлі көздеген,
Өмірімнің айнасын тек өзіғой өңдеген.


Өміріміз бір арнада тоғыспты,
Сол арнада екі тағдыр жолығыпты.
Бір өмірдің жолында екі тағдыр иесі,
Құлындай шапқан екеуі бір айғырдың биесі.


Өмір-ай соншалықты қаталмедің,?
Бәрі сенің заңдылығың деген едім
Жақсы затқа,дұрыс жолға көнбеп едім,
Жалындап,жанып сөнген едім.


Бұл менің балалығымба шалалығымбба,әйтеуір бір жігіт үшін қатты ұрыс естігенім әлі есімде!Содан жылап отырп шығарған өлеңім еді,бағасын өздеріңіз бере жатарсыздар!

Құлпынай өзімнің де туған ағам болғандықтан, сіздің бұл сезіміңізді түсінемін... Ағамыздан қанша жерден именсек те, олардың бар болғанына қуанамын. Күн көзі төбемізден өткен кезде көлеңкесіне сүйеніп, өзімізді жайлы сезінетін қалың ағаш секілді...