Жігітке сезімімді қалай білдіремін?
Қазақ қызы қашан да ұяң болу керек дейді... Бірақ ұяңдығымыздың арқасында өзіміз ұнатқан жандарды жіберіп алатын сияқтымыз... Мен олай жасағым келмейді... Қалай ойлайсыздар ОҒАН өз сезімімді білдіргенім дұрыс па?
Дұрыс емес. Ол ұнатса міндетті түрде айтады, ал ұнатпаса сенің білдіргеніңнен тек өз сыйың кетеді.
Нұршаттың сөзіне толықтай қосыламын. Егер жігітке сезіміңізді білдірсеңіз, өзіңіздің қадіріңіз кетеді. Қыз бала алғаш болып жігітке сезімін білдірсе, жігіт оны дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.Сезіміңізді білдіремін деп жүріп қателік жасап алмаңыз. "Бұйырған қашпас, қуған жетпес. Отырған қыз орнын табады." - деген мақал-мәтелдер есіңізде болар. ИншаАллах өз бақытыңызды әлі-ақ кездестіресіз.
Қыздар, бұл жерде мынаны да ескеру керек сияқты... Оның менде көңілі жоқ деп айта алмаймын. Сөз салуға қысылатын сияқты
Қыз баланың бірінші болып қадам жасауын еш уақытта құптамаймын... Біріншіден, бұл біздің тәрбиемізге жат, екіншіден, ол жігіт бұл әрекеттен кейін сізді мүлдем жек көріп кетуі мүмкін... Ал сүйетін адам жүрегіндегісін міндетті түрде жеткізеді деп ойлаймын...
Қой, білдірмей-ақ қойыңдар. Ұят болад