Мен ҰБТ-дан 114 балл алғанмын(орыс тілінсіз 95), ҰБТ деген білім деңгейін тексерудегі, менің ойымша, ең тиімді жол, бірақ оның өзін тапсырудан көптеген жүйке ауруларын аласын(стресс), ҰБТ-да, есімде, мен үлкен поточкада (лекция оқитын аудитория) отырдым, бізді 8 адам қарап жүрді, ал 9-шы КНБ қызметкері (2 адам 30 мин сайын ауысып кіріп тексеріп отырды), қараушылардан, кіре берістегі тексерушілерден психологиялық, моральдық тұрғыдан көп қысым көрдік, ар минутымызды санап, дәретханаға тек бір-ақ рет шығарды,кірерде денеміздін бар мүшесін ұстап,тексеріп шықты, Мен ҰБТ-ны 2011 ж.тапсырдым қадағалау жағы қатаң тәртіпте өтті...Сондай қыспақты көріп,әр минутымызды айтқан сайын қобалжып, асығып белгілегенде орыс тілі пәнінің алғаш 3 сұрағына математиканың жауабын белгілеп қойдым, соны білген соң, қатты қобалжыдым, тапсырып шықсам, есік алдында қаптаған ата-аналар тұр екен, шыға салысымен өз анамды іздеп, қатты құшақтап, еңіреп жылағаным есімде)
11.06.2012, 23:59:16
Ой біз де шыққасын концертті қойдық қой Негізі кабинеттен жылап шыққам, сосын далада көөөп адамдар қол шапалақтап қарсы алып жатқасын, жасымды сүрттім де, нормально шықтым, сосын әкемді көргесін қайтып жыладым неге екенін білмим а жооқ матемнан 16-ақ есеп шығарғасын моральдық күйзеліс қалай болад деп ойлаушы едім,алдымнан шықты
Бір қынжылтатыны - жыл бойы дайындалып, оқыған бала психологиялық әсерлерден қиналып қалса, кейбіреулер "тисе - терекке, тимесе - бұтаққа" әдісімен жолы боп кетіп жатады.
Өзім колледжге кетіп қалғанмын, сондықтан, ҰБТ-ға дайындық, апта сайын тест, репетитор деген сияқты бақыттардан құр қалғанмын. Бірақ, кешендіге қатыстым (дәл сол ҰБТ ғой, сұрақтарына дейін сол, тек колледждегілер тапсырады), сондықтан оның өз дәрежесінде әділ өтетіне көзім жетті, парасыз демеймін, әлем алып жатқан параны біздікілер алмай қалсын ба? Бірақ, пара деген пәледен аулақ болсам өз дайындығыма сай балл жинадым, аз емес, өз шамамды білем ғой, көп те емес, бірақ көңілім толды, Аллаһтан сұраған баллды артық-кемі жоқ жинадым, бірақ оқудан бірінші курста-ақ шығып кеткем, қазір жүрмін қаңғеееееп Қыздардікінде...
Жалпы ҰБТ - ұрпақ білімінің таразысы екеніне келісемін, тек бояушы дегенге сақалын бояйтын министрлікке қарным ашады, 60-тан асырғандар оқып, асыра алмағандар асыла беру керек пе? (о, Аллаһ кешіре гөр, ащы да болса шындық қой,,,)
ҰБТ тапсырғанда қатты күйзеліске түскен жоқпын, жыламадым. Бірақ қобалжыдым. Біз тапсырған жылы 125 балл жаңа еніп жатқан. Содан 100 алдым, орыс тілінсіз 84 ) Және бұл балл ЖОО түсуге артығымен жетті. Есімде қалған көрініс: Қорытынды шыққалы жатыр, бір кезде оқу ісінің меңгерушісі анау жақтан өзімен өзі 100 балл, 100 балл деп айғайлап келе жатыр мәз болып. Ауыл мектебі үшін 100 балдың өзі айтарлықтай көрсеткіш еді, және мектептен 100-ге әрең іліккен бір өзім екен. Сөйтіп келіп мені құшақтай алды. Көрші ауыл мектебінің директоры да келіп қолымнан алып құттықтады. Ал олардан 100 жинаған ешкім болмады. КазГУ-ге келгенде бәрі керісіше болды, бұл жақта 100 төменгі балдардың бірі екен
кім айтса да сұмдық айтып-айтып тастапты