АҚШ елшілігі Американың барлық штатына ет жеуді үйретпекші
Алматыдағы АҚШ елшілігі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ерекше флемшоб ұйымдастырмақшы.
Бұл туралы NUR.KZ Заграница сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Елшілік АҚШ-тың 50 штатында қазақтың ұлттық тағамы етті насихаттамақ.
Елшілік Facebook-тағы парақшасында #beshintheusa бағдарламасына қосылуға шақыруда. Ол үшін АҚШ-та ет жеген қазақстандықтар мен америкалықтарды суретке түсіріп, beshusa@gmail.com электронды почтасына жіберуі тиіс.
Сонымен қатар, Instagram-дағы #beshintheusa хэштегі арқылы суреттің қай штатта түсірілгенін көрсету керек. Елшіліктің атап өтуінше, олар 2016 жылдың соңына дейін барлық 50 штатқа қазақты етті таныстырмақшы.